Северо-Казахстанская область

Екі бала мен әйелдің денесі табылды: Петропавлда жанып жатқан үйден қашып шыққан жігіт кісі өлтірді деген күдікке ілінді

Петропавлда жанып жатқан үйден екі бала мен әйелдің денелерін тастап қашып кеткен ер адам кісі өлтірді күдікпен ұсталды. Бұл туралы Stan.kzақпарат агенттігі хабарлайды. 

25 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті жеке тұрғын үйдегі өрттен бір жасар және бес жасар бала мен 20 жастағы қыздың қаза тапқанын хабарлаған еді. Олардың мәйіттері өртті сөндіру кезінде табылған.

Полиция жақында жантүршігерлік жаңа мәліметтермен бөлісті. Деректерге сай, марқұм қызбен бірге тұрған 25 жастағы жігіт өртеніп жатқан үйдің терезесінен секіріп кеткен. Марқұм балалар — оның бір жарым жасар қызы мен бес жасар бауыры болған.

Ал сол күні өрттің куәсі болған көршілері үйден айқай-шудың естілмегенін айтты.

Полиция департаменті бір айдан соң қашып кеткен жас жігіттің уақытша ұстау изоляторына қамалғанын растады.

«25 қыркүйекте сағат 21:30-да Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Төтенше жағдайлар департаментіне Волочаевская көшесінде тұрғын үй өртеніп жатқаны туралы қоңырау келіп түсті. Өртті оқшаулау жұмыстары жүргізілгеннен кейін үйден үш адамның мәйіті табылды. Аталған факті Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің ТЖД ҚР ҚК-нің 292-бабының 3-бөлігімен – «Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу», “абайсызда екі немесе одан да көп адамның өлімі” қылмысы негізінде тіркелді. 21 қазанда қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі 1-тармағына – «Екі немесе одан да көп адамды өлтіру» санатына ауыстырылды», — деді Солтүстік Қазақстан полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қылмыстық іс облыстық прокуратура мен полиция департаменті басшылығының бақылауында. Іс бойынша басқа ақпарат жарияланғанбаған.

 

Другие новости

Back to top button