Культура

Екатерина Жолбарыс: «Сейфуллиннің бұрынғы әйелінен кешірім сұраймын»

Танымал әнші Сейфуллин Жолбарыстың жұбайы Екатерина Жолбарыс алғаш рет отбасы мен жеке өмірі туралы сұхбат берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Менің өмірім” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

 

Әншінің жұбайының айтуынша, жас айырмашылығы 15 жас көрінеді.

“Біз танысқанда ол кісі бұрынғы отбасымен ажыраспаған еді. Маған көңілін білдіргенде мен бірден: “отбасылы адамсыз, мен сіздің әйеліңіз бен балаларды біле тұра, аттап кетуге намысым жібермейді” дедім. Бірақ ол кісі сол кезде-ақ отбасымен ренжісіп, қарым-қатынастары дұрыс болмай жүр екен. Сен жолықпағанда да мен онымен ажырасатын едім. Біздің арамызда ештеңе жоқ. Сезім суып, көңіліміз қалды. Оның іздегені басқа әлем, менікі басқа. Екі әлемде өмір сүріп, бір отбасы болып тұра алмаймыз” деді. Содан кейін бұл тақырыпты қозғамадық. Өйткені Сейфуллиннің айтқысы келмейтін тақырыптың бірі”, – дейді Екатерина.

Сондай-ақ, ол Сейфуллинің бұрынғы әйелінен де кешірім сұрады.

“Маған үйленбей тұрып, олар ажырасайын деп жүр екен. Сондықтан да бүге-шүгесіне дейін сөз етіп, әңгімелегім келмейді. Бұрынғы жұбайымен бетпе-бет кездестік. Бірақ ашылып сөйлесе алмадық. Сейфуллин екеумізге қатты ренжігенін айтты. Осы сәтті пайдаланып кешірім сұрағым келеді, мен әдейі немесе қасақана жасаған жоқпын. Отбасының ажырауына менің қатысым жоқ. Үлкен қызы менімен араласпайды. Ұлы біздің қолда тұрады. Сахнаға шығып бірге ән айтып жүр. ”, – деп ақталды Екатерина.

Желі қолданушылары әншінің екінші жұбайын мақтап, тәрбиелі қыз екенін жарыса жазып жатыр. Алайда ұлтына да тиісіп өткендер жоқ емес.

“Катяның білім алған мектебінде оқу ісі меңгерушісі, ағылшын тілі пәні мұғалімі болдым. Өте жақсы оқушы болды. Аудандық пән олимпиадасы апарған мұғалімдер таласып қалаушы еді. Тәртіпті, ұқыпты оқушы ретінде есте қалды. Анасы да біртоға, қарапайым жақсы кісі. Тұйық еді ашылыпты, сөйлегенде нағыз шешен. Мақалды орнымен қолданып, ер адамның рухының көтеріп отыр. Енесін сыйлағанының өзі елге үлгі боларлық” дейді желі қолданушысы. Сондай-ақ, “Бұл әйелді көрсетіп, бірінші әйелдің жарасына тұз сеуіп, одан сайын неге жаралайсыңдар! Оның не кінәсі бар, балаларының анасы, ыстық суық қиындықтарды бірге көріп келгенде, өмірдің екінші жартысында далаға тастап кетіп, еркектер не деген қатыгез еді?! Мұндай еркектерді, олардың отбасын бұзып, балаларының, әйелінің көз жасына қарамай тайраңдап жүрген қатындарды неге ұлықтап жүрсіңдер?!” деп ашуланды кезекті желі қолданушысы.

Другие новости

Back to top button