ҚауіпсіздікҚауыпсіздікОтношенияСоциум
Египетте акулалар адамдарға шабуыл жасап, бір туристі жеп қойды
Египеттің шығысындағы Марс-Алам курорттық қаласының жағажайында акула туристерге шабуыл жасады. Бұл туралы елдің Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
агенттігі РБК-ға сілтеме жасап.
Нәтижесінде демалушылардың бірі қайтыс болды, ал екіншісі жарақат алды. Жәбірленуші Порт-Галиб ауруханасына жеткізілді.
Ведомство болған оқиғаны тергеу үшін комиссия құрды, министрлік Қызыл теңіз губернаторлығымен бірге іс жүргізіп жатыр. Шабуыл жүзуге рұқсат етілген аймақтан тыс жерде тіркелді, деп атап өтті ведомство.
Жағажайдың аумағы жабылды, 30 желтоқсаннан бастап 48 сағат ішінде шомылуға тыйым салынды. Египеттің қоршаған ортаны қорғау министрлігі қайтыс болған және жараланған туристердің қайдан келгені туралы ақпарат таратқан жоқ.