Социум

Египетте акула ер адамды жеп қойған: Сараптама нәтижесінде адам шошырлық деректер белгілі болды

8 маусымда Египеттің Хургада қаласында 23 жастағы Ресей азаматы Владимир Поповты акула жеп қойған. Қазір оның денесі мәйітханада. Мамандар сот-медициналық сараптамасының қорытындысымен бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Jauns сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

 

Қайғылы оқиғадан 1 күн өткен соң балықшылар ау арқылы жыртқыш балықты ұстапты. Кейін акуланың асқазанынан ер адамның басы мен қолы табылған. Мамандар денені мәйітханаға алып келгенде «кей дене бөліктері болмағанын» айтады.

«Қызыл теңіздегі денсаулық сақтау басқармасына тіркелген мәліметтерге сәйкес Хургада ауруханасындағы мәйітханаға мәйіт жеке дене бөліктерімен жеткізілген. Түр-әлпеті бүлінген. Тану да қиын, ал басы жұлынып қалған», – дейді дәрігерлер.

Қазір мәйітке сараптама жүргізіліп жатыр. Владимир Поповтың әкесі ұлының денесін алып кете алмайды. Алдағы уақытта ол ұлын туған жеріне жерлемекші.

«Тергеу кезінде медициналық сараптама толығымен жасалмайынша мәйіт отбасына берілмейді», – деп түсіндірді аурухананың ресми өкілі.

Еске салайық, Египеттің Хургада қаласында акула ер адамға шабуыл жасаған еді. Оқиға Dream Beach қонақ үйі маңындағы жағалаудан 30 метр жерде болған.

Другие новости

Back to top button