Госорганы

Егін далада қалмайды – Ауыл шаруашылығы министрі

Биыл еліміз 16 млн тонна астық бастыруды жоспарлап отыр. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Айбарбек Сапаров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әкімдіктердің деректері бойынша 16 млн тонна астық бастырылады деп болжап отырмыз. Мүмкін одан да көбірек болар. 16 млн деп ең төменгі межені алдық. Бүгінде 6 млн тонна астық бастырылды. Оның 1 миллионы элеваторға кірді. Сапасы зертханада тексерілді, 80 пайызы үшінші сұрыпты. Қалған астық та элеваторға кіргізілгеннен кейін сапасы тексеріледі. Жалпы, бидай жеткілікті болады, — деді министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.

Ол егін жинау науқаны қиын басталғанын атап өтті.

Үш аптадай жаңбыр жауды. Біраз шаруашылық тоқтап қалды. Бірақ, қазір егін жинауға кірісті, біз де көмектесіп жатырмыз. Егін далада қалмайды деп жоспарлап отырмыз. Өйткені, техникасы жетпейтін шаруашылықтар болса, көрші ауданнан, көрші облыстан комбайн жібереміз. Оны бақылап отырмыз. Шаруашылықтарға көмек болады. Ең бастысы – егінді шашпай-төкпей жинап алу, — деді Айдарбек Сапаров.

Ведомство басшысының атап өтуінше, биыл астық экспорты деңгейі былтырғыдан төмен болады.

Өйткені, егіннің сапасы да, өнімі де төмен. Бірақ, экспорттық деңгейде сақтауға тырысамыз. Былтырдан қалған 3 млн тонна астығымыз бар. Соны қосқанда экспорт деңгейін сақтауға мүмкіндік болады. Бұрын бидайдың 95 пайызы үшінші сұрыпты болса, биыл 4, 5 сұрыпты бидай көбеюі мүмкін. Бұл да экспортқа әсер етеді,- деді ол.

Другие новости

Back to top button