Госорганы
Ефрейтор Назым Қызайбай әскер қатарында қызмет ететіні белгілі болды (ВИДЕО)

Кеңес Одағының батыры, гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлы атындағы Ұлттық ұланның 5571 әскери бөлімінің әскери қызметшілері бокстан үш дүркін әлем чемпионы, Париж олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбаймен кездесіп, құрмет көрсетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ұлттық Ұланның баспасөз қызметі хабарлағандай, Назым Қызайбайдың ефрейтор әскери шені бар және ол 2014 жылдан бері Ұлттық ұлан сапында қызмет атқарады екен. Дәлірек айтсақ, боксшы Ұлттық ұланының спорт командасын даярлау орталығының аға маманы. Әлемнің үш дүркін чемпионы сарбаздар мен сардарларға алғыс айтып, ыстық ықыласын жолдаған.
«Бүгін әскери қызметшілермен қызықты кездесу өтті. Ұлттық ұлан әркез маған қолдау білдіріп келеді. Мен үшін бұл – үлкен демеу, әрі мәртебе. Алдағы уақытта да сіздерді жарқын жеңістеріммен қуантуға барымды саламын», — деген Назым Қызайбай.