Социум

Дүниежүзілік денсаулық күніне орай онлайн марафон өтті

Елімізде 300 мыңнан астам науқас динамикалық бақылауда. Республикалық психикалық денсаулық ғылыми- практикалық орталығы бас директорының орынбасары Дәулет Байпеисов  Дүниежүзілік психикалық денсаулық күніне орай ұйымдастырған онлайн марафонда хабарлады.

Елімізде  динамикалық бақылауға тіркеу немесе алып тастау  саясаты  өзгерген. Дәулет Байпеисовтың айтуынша психикалық ауруына байланысты  2012 жылы динамикалық бақылауға 17 мың тұрғын іліккен болса, былтыр бұл дерек 9918 құраған. Он жыл бұрын спирттік сусындарға, есірткі заттарына тәуелді  52 мың адам тіркелсе, былтыр олардың саны  үш есе азайып,  13 мың науқас динамикалық бақылауға алынған.

-2017  жылдан бастап Қазақстандағы психиатриялық қызметті қайта құру жүзеге асырылды. Біз ауқымды талдау жүргізіп, осы саланың қызметін қайта ретке келтірдік. Бұл осы саладағы өсу қарқынын тұрақтандыруға ықпал етті. Қазіргі психикалық денсаулық орталықтарындағы амбулаториялық қызметті қалалық , аудандық емханаларға көшірдік. Әрине бастапқыда тұрғындар , медицина өкілдерінің бұл өзгеріске үрке қарағаны рас. Психикалық ауруы бар адамдармен бір емханада қалай емделеміз деп наразылық білдіргендер болды. Әрине мұндай науқастардың да көпшілікпен  емханада емделуге құқығы бар. Сондықтан емханаларда  үш дәрігерден тұратын алғашқы психикалық қызмет орталығын ұйымдастырдық. Бұл модель қазір жұмыс істеп жатыр,   — дейді орталықтың бас директорының орынбасары Дәулет Байпеисов.

Бүгінгі таңда психиатриялық қызметтегі  өзгерістер  осы саланың сапасын арттырып, ең бастысы халыққа қолжетімді екенін айқындап берді. Мысалы 2018  жылы 149 мың тұрғын психикалық денсаулық орталықтарының қызметіне жүгінген болса, ал былтыр  568 мың адам алғашқы психикалық көмек орталықтарында емделген.

Қазіргі таңда елімізде  17 өңірде психикалық денсаулық орталықтары , қалалық емханада 83, аудандық емханаларда 193 кабинет және  Республикалық психикалық денсаулық ғылыми- практикалық орталығы мен Павлодардағы бөлімшесінде  осы саланың мамандары жұмылдырылған.

Елімізде психиатрия саласында 2016  жылы  маман тапшылығы 40 % құраған. Дәулет Байпеисовтың айтуынша бұл түйіткілді шешу мақсатында Денсаулық сақтау министрлігі маман даярлауға қосымша білім гранттарын бөліп, дәрігерлердің жетіспеушілігі 15 ,5%  кеміген. Қазір Қазақстанда  1185 психиатр дәрігер, нарколог, психолог маманы тапшы. Қазіргі таңда медициналық жоғары оқу орындарында жүзге жуық болашақ дәрігерлер білім алып жатыр. Келесі жазда психиатрия саласы 67  жас маманмен толығады дейді мамандар.

Дүниежүзілік психикалық денсаулық күніне орай орталық ұйымдастырған онлайн марафонда « Психобелсенді заттарды тұтыну салдарынан туындайтын бұзылулар» тақырыбында   РПДҒПО бөлімшесінің аға дәрігері Мәди Тоқанов  және психолог  Леся Бикетова баяндама оқыды.  «Психиатриялық және психологиялық көмекті ұйымдастыру» жөнінде орталықтың бас директорының орынбасары  Дәулет Байпеисов жан-жақты талдау жасап, мол мағлұмат берді. Психолог Сандуғаш Құдайбергенова «Эмоционалды күйіп кету мәселелері»,  бөлім меңгерушісі  Ринат Музафаров , Айгүлім Әбетова «Өз-өзіне қол жұмсау туралы фактілері мен мифтер»,   бөлім меңгерушісі Наби  Есімов және Наргиза Қасымова «Ересектер мен қарттардың психикалық және психологиялық бұзылулары» , ҚДСҰО жастар мен балалардың денсаулықтарын нығайту бөлімінің басшысы Диана Шамгунова және ҚДСҰО жастар мен балалардың денсаулықтарын нығайту бөлімінің бас маманы Жансая Рахатқызы  «Жастар денсаулық орталықтарының жұмысы. Қалай және қандай көмек алуға болады? » , ҚР ДС штаттаан тыс бас балалар психиатры,  бөлім меңгерушісі Марина Вихновская және психолог Жұлдызай Мұратбекқызы «Балалардың психикалық және психологиялық бұзылулары» жайында ата-аналарға пайдалы кеңестер  айтып,  орталықтың youtube желісінде көрермендердің сұрақтарына жауап берді.

Республикалық психикалық денсаулық ғылыми -практикалық орталығы ұйымдастырған онлайн – марафон  алты сағатқа созылды.

Онлайн-марафонның толық бейнежазбасын төмендегі сілтемеден көруге болады: https://youtube.com/channel/UCmLAWW6XGKg7jCApJocaTmQ.

Другие новости

Back to top button