Главное

Дүлей дауыл Алматының астаң-кестеңін шығарды: кей аудандарда жарық сөніп қалды

Бүгін кешке Алматыда ауа райы күрт бұзылды. Күн күркіреп, екпінді жел тұрып, оның соңы лезде нөсер жаңбырға айналды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қала тұрғындары әлеуметтік желіде табиғат апатының салдарын бөлісіп жатыр: кадрларда құлаған ағаштар, шашылған бұтақтар мен орнында әрең тұрған жол белгілері көрінеді. Кейбір аудандарда электр қуаты мен интернет үзілді.

Бұған дейін синоптиктер дүйсенбі күні Алматыда найзағай ойнап, жел күшейетінін ескерткен.

Другие новости

Back to top button