Акмолинская областьВыбор редакции

«Досына көмектесуге кетіп, қайтып оралмаған»: Ақмола облысында жасөспірім жоғалып кетті

2007 жылғы Зарубин Руслан Тұрлыбекұлына іздеу жарияланды

Ақмола облысында досына көмектесуге кетіп, сол күйі із-түзсіз жоғалып кеткен 16 жастағы жасөспірім іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Ақмола облыстық полиция департаменті хабарлағандай, 2023 жылғы 7 қаңтарда сағат 2:20 шамасында Щучье қаласында үйінен шығып кеткен, 2007 жылғы Зарубин Руслан Тұрлыбекұлына іздеу жарияланды.

«8 қаңтарда Бурабай аудандық полиция бөліміне із-түссіз жоғалған бозбаланың анасы арызданды. Әйелдің айтуынша, ұлы түнде атын нақты аталмаған әлдебір досының көлігін қар құрсауынан шығаруға көмектесу үшін шығып кетіп, сол күйі қайтып оралмаған. Анасының айтуына қарағанда, үйден шығып кеткен соң ұлымен бірнеше рет телефон арқылы сөйлескен, ол жақын арада ораламын деп сендіргенімен, артынша ұялы телефоны өшіп қалған», — делінген хабарламада.

Жасөспірімнің жүрген жерін анықтау мақсатында полицейлер жедел іздестіру шараларын ұйымдастырып, колледждердің жатақханаларын, қонақүйлерді тексерді, кәмелетке толмағанның таныстары мен достарынан сұрастырды.

«Көрші аумақтық бөлімшелерге із-түзсіз жоғалған жасөспірімнің деректері бойынша бағыттар жолданды. Зарубин Руслан Тұрлыбекұлының қайда екені туралы мәліметті білетіндер мен көрген адамдар болса, 102 арнайы нөміріне хабарласуын сұраймыз.

Жасөспірімнің белгілері: жасыл көзді, бойы шамамен 155-160 см. Кетіп бара жатқанда үстінде сұр трикотаж қалпақ, қара-көк түсті күрте, қара спорттық шалбар, қоңыр түсті қысқы кроссовки, LG маркалы, алтын түстес қабы бар ұялы телефоны болған», — делінген хабарламада.

Другие новости

Back to top button