Досаев Алматыдағы үйлердің құрылысы не себепті баяулап кеткенін түсіндірді
Неліктен Алматыда құрылыс баяулап, жаңа тұрғын үйді пайдалануға беру қысқарғанын қала әкімі Ерболат Досаев түсіндірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Үкімет отырысында әкім тұрғын үй құрылысы мен оны пайдалануға беру қарқынының төмендеуі 2023 жылғы мамырда қабылданған Алматының 2040 жылға дейінгі бас жоспарына және өткен жылдың 29 желтоқсанында бекітілген егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларының жаңа талаптарына байланысты екенін атап өтті.
«Мемлекет басшысының нысандардың сейсмикалық қауіпсіздігін күшейту, нүктелік құрылысты болдырмау және қаладағы экологиялық жағдайды жақсарту, сондай-ақ Алматының полицентрлік дамуы жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде тұрғын үйді пайдалануға беру 2023 жылы 2,5 млн-нан биыл 2 млн шаршы метрге дейін қысқарту көзделген», — деді Ерболат Досаев.
Жалпы, оның айтуынша, әкімдік құрылыс маусымының басталғанын ескере отырып, сәуір айының қорытындысы бойынша оң динамиканы күтеді.
Бұған дейін үкімет отырысында премьер-министр бізде қоқысты жерге көме салу, таудай қылып үйіп қою әдетке айналғанын айтқан еді.