Главное
Доллардың құны бүгін 545 теңгеге жетті

KASE-дегі күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 541,93 теңге болды, бұл алдыңғы күнмен салыстырғанда 3,29 теңгеге өсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қазақстан Ұлттық банкінің 24 шілдеге арналған ресми доллар бағамы — 538,64 теңге.
Kurs.kz сайтының дерегінше, қазіргі уақытта Алматыдағы айырбастау пунктерінде долларды сатып алу бағамы орта есеппен 540,64 теңге, сату бағамы — 543,44 теңге. Астанада долларды орта есеппен 537,48 теңгеге сатып алып, 544,48 теңгеге сатып жатыр.
Еске сала кетейік, 21 шілдедегі күндізгі сауда қорытындысында доллардың орташа бағамы 3,89 теңгеге төмендеген болатын. Ал 22 шілдеде 2,37 теңгеге, 23 шілдеде 6,21 теңгеге қымбаттады.