Ақша

Доллар, еуро мен рубльдің бүгінгі бағамы қандай

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 480 — 484 теңге аралығында саудаланып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ұлттық банктің 4 қазанға арналған ресми бағамы — 1 долларға 482,86 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,08 теңге.

Еуро — 533,17.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 481,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 483,3 теңге. Еуро 531,5 — 535,5 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 480 теңге, сатып алу құны — 484 теңге. Еуро 530 теңгеден сатылып, 536 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,03 — 5,17 аралығында саудаланып жатыр.

Другие новости

Back to top button