Социум

Джо Байден Израильге ұшып шықты

АҚШ басшысы Джо Байден Газа секторындағы ауруханаға зымыранмен жасалған соққыдан кейін Израильге аттанды, деп хабарлайды Кazinform.

«Иордания королі ІІ Абдалламен кеңестен кейін және Палестина автономиясының басшысы Махмуд Аббастың қаралы күн жариялауына байланысты, президент Байден Иорданияға сапарын кейінге қалдырды», — деп келтіреді Ақүйдің мәліметін «Голос Америки» басылымы.

Д.Байден Израильге ұшып шықты және бүгін аталған елде болуы тиіс.

Еске салайық, кеше Газа ауруханасына әуеден соққы жасалып, салдарынан жүздеген адам көз жұмды. Кейінгі мәліметке сәйкес, олардың саны 800-ден асты.

Палестина президенті Махмуд Аббас үшкүндік қаралы күн жариялады. Al Mayadeen телеарнасының дерегінше, ол 19 қазанға АҚШ басшысы Джо Байденмен жоспарланған кездесуін күтпестен Амманнан ұшып кетіп, Рамаллаға оралған.

ХАМАС ауруханаға шабуылға Израильді кінәлап отырса, изральдік билік бұған палестиналық анклавтан сәтсіз ұшырылған зымырандар себеп болғанын және оған “Ислам жиһады” жауапты екенін айтуда.

Другие новости

Back to top button