Главное

Дженнифер Лопес Астанаға ұшып келді: әлемдік жұлдызды елордада қалай қарсы алды

Америкалық әнші әрі актриса Дженнифер Лопес 1 тамызға қараған түні Астанадағы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайына ұшып келді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл туралы әуе компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.

«Бүгін Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы Дженнифер Лопесті тасымалдаған ұшақты қарсы алды. Әнші жоспарланған концертті өткізу мақсатында елордаға ұшып келді. Сәтті өнер көрсетіп, Астанадағы уақытын жайлы өткізуін тілейміз!», — делінген әуежай таратқан хабарламада.

Айта кетері, 2025 жылдың 8 шілдесінде Дженнифер Лопес кейінгі 6 жылдағы алғашқы гастрольдік сапарын бастады. Up All Night бағдарламасы аясында Джей Ло Астана (1 тамыз) мен Алматыда (10 тамыз) концерт береді. Жұлдыздың Астанадағы концертіне қалай жетуге және көлікті қайда қоюға болатынын мына жерден біле аласыз.

Еске сала кетейік, әншінің Мысырдағы концерті 4 шілдеге жоспарланған болатын, алайда концертке аз уақыт қалғанда ол 30 шілдеге ауыстырылғаны хабарланды. Бұған орындаушының гастрольдік кестесіне енгізілген түзетулер себеп болған.

ТАСС тілшісінің хабарлауынша, Лопестің Мысырдағы концерті үлкен ажиотаж туғызып, кіреберіс маңында адам кептелісіне алып келді.

Серіктес жаңалықтары

Айнұр Тұрсынбаеваның сіңілісі қайын жұрты үшін өзін қалай құрбан еткенін айтып берді

Шығыс Қазақстанда полиция қызметкері қаза тапты

Другие новости

Back to top button