Діни некелердің заңдық күші бола ма: әділет министрлігі жауап берді
Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли Қазақстанда діни неке мен азаматтық некенің заңдық күші туралы мәселеге пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МӘН-ЖАЙЫ
Оның сөзінше, Қазақстанда тек уәкілетті органда қиылған неке ғана заң тұрғысынан мойындалады.
“Діни некелер тақырыбыны тоқталып өткім келеді. Қазақстанда тек уәкілетті органда қиылған неке ғана мойындалады. Діни рәсімдер құқықтық міндеттеме артпайды әрі оны мемлекет мойындамайды. Сондай-ақ бірге тұру да неке болып саналмайды” деді ол әділет министрлігінің БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз жиынында.
Әділет министрлігінің ресми өкілі сондай-ақ Фамилияға “тегі” деген қосымшаны қосып жазуға бола ма деген сұраққа жауап берген.
– Бұл норма «Неке және отбасы туралы» кодекспен реттеледі. Әділет министрлігі ел азаматтарының аты, тегі, әкесінің атын өзгерту туралы арнайы статистика жүргізбейді. Алайда біздің мәліметімізше жыл сайын орта есеппен 12 мың адам аты-жөніне өзгерістер енгізеді. (Мысал) Сонымен бірге, «Неке және отбасы туралы» Кодексте жеке тұлғаның тегін «тегі», «ұрпағы», «немересі», «шөбересі», «келіні» және т.б. сөздерді қосып жазуға жол берілмейді деп бекітілген, – дейді Талғат Уәли.