Мангистауская область

«Дін аманбыз»: Астанада қамауға алынған мұнайшылардың бейнеүндеуі жарияланды

Астанада митинг өткізіп, кейін қамауға алынған жаңаөзендік мұнайшылар видео арқылы үндеу жолдады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

 

Алдын ала мәлімет бойынша видео Астанадағы темір жол вокзалында түсірілген.

Ер адам өздеіне қолдау көрсеткен әріптестері мен жерлестеріне алғыс айтып, арандатушыларға ермеуге шақырды.

«10 адам келіссөзге қалады. Еш уайымдамаңыздар, жұмыстарыңызды жалғастырыңыздар. Біз дін аманбыз», – деді видеодағы ер адам.

Айта кетейік, бұған дейін мұнайшыларды босатуды талап етіп, әкімдік алдына жиналған халыққа Жаңаөзен әкімі видео үндеу жасаған еді. Өңір басшысы әкімдіктің тұрақты негізде қала аумағында жаңа жұмыс орындарын құру, жұмыссыз азаматтарды тұрақты жұмыспен қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдап жатқанын мәлімдеген.

Другие новости

Back to top button