Главное
Димаш Құдайбергеннің үйінде үлкен той болатын болды

Әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайберген жуырда қарындасын ұзатпақ. Оның қарындасы Раушан Құдайбергенге сырға салды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл қуанышты жаңалықты журналист Анна Данченко жариялап, Раушанның суретін жүктеген.
«Қанат пен Света Айтбаевтардың қызы Раушан сырғалым атанды», — деп жазған ол.
Айта кетейік, наурыз айында журналист Динара Сәтжанға сұхбат берген Димаштың анасы биыл үйінде той болатынын меңзеген еді.