Главное

Димаш Құдайберген Қырғызстанның халық әртісі атанды

Димаш Құдайберген Қырғыз Республикасының халық әртісі атанды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Қырғызстанның мемлекеттік хатшысы Марат Иманқұлов Қазақстанның әншісі әрі композиторы Димаш Құдайбергенге «Қырғыз Республикасының халық әртісі» құрметті атағын табыстады.

Марапат екі ел арасындағы достық пен мәдени байланысты нығайтуға қосқан үлесі үшін берілген. Тиісті жарлыққа Қырғызстан президенті Садыр Жапаров қол қойған.

Димаш Құдайберген Ыстықкөл жағалауында өткен «Мейкин Азия» халықаралық музыкалық фестивалінің қонағы болды. Іс-шараға Қырғызстан мен Моңғолия президенттері де қатысты.

Другие новости

Back to top button