Культура
Димаш Құдайберген Лос-Анджелесте жаңа бейнебаян түсіріп жатыр

«Лос-Анджелесте жаңа әнге бейнебаян түсіріліп жатыр. Баршаңызға қайырлы күн», — деп хабарлады Димаш Instagram-дағы парақшасында.
Кадрлардан бейнебаянның түсірілім жұмыстары белсенді жүргізіліп жатқанын көруге болады.
Әншінің әлемнің түкпір-түкпіріндегі жанкүйерлері оған сәттілік тілеп, жаңа туындыны асыға күтетінін атап өтті.