Культура

Димаш пен Көшпенділер ойындарының арқасы: Қазақстанға екі аптада 600 мыңға жуық турист келген

Бір қызығы, шетелдік туристердің көбі Қазақстанға жСоңғы екі аптада Қазақстанға 597 мың турист келіп, рекорд орнатты. Олардың көбі V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары мен Димаш Құдайбергеннің концертіне келген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Туризм және спорт министрлігінің мәліметіне сүйенсек, 2024 жылғы 1-13 қыркүйек аралығында Қазақстанға 597 мың шетелдік турист қатынаған. Олардың ішінде 68 мың адам ұшақпен келсе, қалғандары авто және теміржол көлігін таңдаған.

«Шетелдік туристер санының көбеюіне ықпал еткен негізгі факторлар – Дүниежүзілік көшпенділер ойындары мен танымал әнші Димаш Құдайбергеннің концерті. Аталмыш шараларға 89 мемлекеттің азаматтары келген», — деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаевтың айтуынша, шетелдік туристер көбіне Қытай, Ресей, Үндістан және Германия сынды мемлекеттерден келген екен.

«Мысалы, Қытайдан 8 мыңнан астам, Үндістаннан 6 мыңнан астам, Германиядан 4 мыңнан астам турист келген»,- дейді ол.

Другие новости

Back to top button