Выбор редакцииСоциум

Диагноз — үкім емес! Қазақстандық кәсіпкерлер баланы қабылдайтын отбасыларды қолдау бағдарламасын іске қосты

«Мен Әлихан мен Сашаны базадан көргенде, жүрегім «лүп» ете қалды. Олардың менің балаларым екендігін бірден түсіндім! Әлихан өте кішкентай және арық еді, өз жасына мүлдем ұқсамады», — деп еске алады асырап алған анасы — Айгүл Абилова.

Айгүл әрқашан үлкен бақытты отбасы туралы армандаған, бірақ «ана» болу жолы ұзақ әрі қиын болды. Ол анасының досынан «Ана үйі» қоғамдық қоры отбасыларға бала асырап алуға көмектесетіні туралы естіді. Колл-орталықтан кеңес алғаннан кейін Айгүл асырап алушы ата-аналар мектебіне жазылды.

Анықтама үшін: 2016 жылдан бастап Қордың әлеуметтік маңызы бар жобаларының бірі — «Ұлттық бала асырап алу агенттігі» іске асырылуда, ол қазақстандық қоғамда балаларды орналастыру мен бала асырап алу мәдениетінің отбасылық нысандарын дамытуға ықпал етеді. Агенттіктің міндеті – Қазақстандық қоғамда бала асырап алу мәдениетін дамыту, асырап алушы отбасыларды сүйемелдеу және кәсіби даярлау. Кеңес беру кабинеттері Қазақстанның 17 қаласында жұмыс атқарады.

Мектепте оқудан өткеннен кейін Айгүл құжаттардың қажетті пакетін жинап, қамқоршылық және қорғаншылық органдарына жолдап, республикалық жетім балалар базасына кіруге рұқсат алды. Қарағандылық балаларды қарап отырып, ол сегіз жасар Александра мен екі жасар Әлиханның сауалнамасымен танысты. Оның жүрегінде олардың қасында болуға және оларды қорғауға деген құштарлық оянып, ол бірден балалармен кездесуге жазылады. Айгүл алғашқы кездесудің алдында қатты қобалжыды. Балалар әртүрлі мекемелерде болғандықтан, Айгүл түскі асқа дейін Сашаға, ал түскі астан кейін Әлиханға барды.

Екі апталық кездесуден кейін Айгүл балаларды үйіне алып кетті. Ол алдымен Сашаны алып, оған бауыр бар екенін түсіндіріп, содан кейін олар қол ұстасып Әлиханды алып кетуге келді. Ол өте кішкентай болды, диагноздарға (ДЦП, спастикалық диплегия, қыликөзділік және есту қабілетінің бұзылуы) байланысты өз жасына сәйкес келмеді, мүлдем жүрмеді және құлағы нашар естіді. Бірақ бұл Айгүлді райынан қайтармады.

Отбасының жаңа өмірі оңай басталған жоқ: психологиялық жарақаттар мен сырқаттар сыр берді. Олардың бір-біріне үйренуі оңай процесс болған жоқ, сондықтан Қор психологтарының сүйемелдеуі дер кезіндегі көмек болды, ал Айгүлдің өзі тиісті әдебиеттерді оқыды. Жас ана сүйіспеншілік пен шыдамдылық бәрін жеңеді деп, болашаққа үмітпен қарады.


«Біз төртінші жыл біргеміз, бірақ мен
көптен күткен «мама» сөзін күнде естігім келеді. Өткен жылы Әлихан Қор есебінен оңалту курстарынан өте бастады. Біз логопедке, кәсіби терапевтке, психологқа және дефектологқа барамыз. Осы жылы оның жүрісі, есту қабілеті, қол моторикасы, сөйлеуі жақсарып танымдық қызығушылығы пайда болды. Мен тағдырыма және Қорға біздің бақытымыз үшін, қазіргі уақытта балаларымның анасы атанғаным үшін, отбасында өмір сүру мүмкіндігін ұсынғаны үшін өте ризамын», — деп қуанышымен бөлісті Айгүл.


Анықтама үшін: Бүгінгі таңда Ұл
ттық бала асырап алу агенттігінің көмегімен қазақстандық отбасыларға 1717 бала орналастырылды. Алайда, қабылданған шараларға қарамастан, 4000-нан астам жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар әлі де балалар үйінде ата-аналарын күтуде. Олардың қатарында денсаулығына байланысты ерекше күтімді қажет ететін сәбилер де кездеседі. Осы мәселені шешу және мүмкіндігі шектеулі балаларды қабылдаған отбасыларды қолдау үшін Қор 2022 жылы оңалту бойынша пилоттық жобаны іске қосты. Қазіргі уақытта 73 қабылдаушы отбасы тәрбиесіндегі 99 бала білікті көмек алуда.

Пилоттық жоба аясында асырап алынған отбасыларға:

— медициналық оңалту және түзету қызметі;

— қажет болған жағдайда балаларға ота жасау;

— адресті қаржылық көмек көрсету бойынша қолдау көрсетіледі.

Ұлттық бала асырап алу агенттігінің барлық қызметтері азаматтарға тегін көрсетіледі.

Балаларды отбасына орналастыру мәселелері бойынша бірыңғай республикалық call-center 1422  телефонына хабарласуға болады (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін).

 

Другие новости

Back to top button