Госорганы

Депутат Самұрық-Қазына туралы жазбасынан соң артын қазуға кіріскенін мәлімдеді

Мәжіліс депутаты Болатбек Нажметдинұлы Самұрық-Қазынадағы тиімсіз басқару туралы жазбасынан кейін өзіне сұрақ қоюшы журналистер көбейгенін, мұны арнайы тапсырыс деп санайтынын мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙЫ

Ол заң шығарушы органға саналы түрде келгенін, алайда депутаттық міндеттерін қаншалықты белсенді орындаған сайын, кей шенеуніктердің, жүздеген миллиард мемлекеттік қаржыға тікелей қолжетімділігі бар квазисектор басшыларының қарсылығы мен кедергілеріне жиі ұшырай бастағанын жеткізді.

“Маған қарсы заманауи медиа-технологияларды да қолдана бастады. Мысалы, мемлекеттік органдарға қолайсыз сауалдар қойғанда, «елдің тағдырына алаңдаулы» блогерлерден қарсы сауалдар ұйымдастырылады. Жақында Самұрық-Қазынадағы тиімсіз басқару туралы жазған жазбамнан кейін, менімен екі тәуелсіз журналист байланысып, біреу арқылы мені «дискредитациялауға» тырысып жатқанын жеткізді. Оларға белгілі бір тақырыпқа жазба жазу ұсынылған. Екеуінде де тақырып бірдей, тіпті тапсырыс берушінің кім екенін де білемін…” дейді депутат.

Сөзінше, артынша елдегі газеттердің біріне өзіне байланысты материал шыққан. Ол ондағы сұрақтар блогерлердікімен бірдей екенін, оларға жауап беруге дайын екенін атап өтті.

АУҒАН НАЗАР АСТАРЫ

Ол өзіне мұндай назардың аууына Самұрық-Қазынаның жерге қатысты мәселесі туралы жазбасы себеп болғанын айтады. Депутат ол мәселе бойынша прокуратураға сауал жолдағанын жеткізді.

Депутат журналистердің сауалы бұрын жүргізген кәсіптеріне байланысты екенін меңзеді.

“Журналистердің мені жауапсыз кәсіпкер ретінде «әшкерелеуге» тырысуын тек заңды білмеумен түсіндіруге болады деп ойлаймын. Айта кетейін, депутаттық қызметке кіріскеннен бастап, мен кәсіпкер емеспін. Кәсіпкерлік қызметім тоқтатылды, компаниям басқа тұлғалардың басқаруына берілді. Бизнеске қатысты сұрақтар болса, маған емес… Бірақ, 24 сағат бойы менің депутаттық бастамаларыма қатысты кез келген сұрақтарға жауап беруге дайынмын”

Другие новости

Back to top button