Госорганы
Депутат Дәулет Тұрлыхановтың ұлына қатысты сот үкімі шықты
![](https://matritca.kz/wp-content/uploads/2023/10/img_9471-780x470.webp)
Алматы әскери соты Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ұлына үкім шығарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Тұрлыхановтың 20 жастағы төртінші ұлы Нұрасыл Болат алматылық заңгер ерлі-зайыптылар Олег Чернов пен Анна Дмитриевичті соққыға жыққаны үшін айып тағылуда. Істің барлық материалдарын зерделеп, тараптарды тыңдай отырып, сот үкім шығарды.
«Нұрасыл Болат Қылмыстық кодекстің 107-бабының 2-бөлігінің 1 және 5-тармақтарында көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 1 миллион 700 мың теңге айыппұл салынсын», — деді судья Дихан Әлиасқаров.
Айта кетейік, депутат Дәулет Тұрлыхановтың ұлының үстінен алматылық адвокаттар Анна Димитриевич пен Олег Черновқа кешкі уақытта шабуыл жасап, соққыға жығып кеткені үшін қылмыстық іс қозғалған болатын.