Госорганы

«Денесін суға лақтырып жіберген»: Грузияда журналист Жанбота Төлегенді өлтірді деп айыпталған күдікті ұсталды

Қазақстандық журналист Жанбота Төлегеннің Грузияда қаза тапқанына қатысты мәліметтер пайда болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

 

Грузия ІІМ Кахетия полиция департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Г.Х. Төлегенді қасақана өлтірді деген күдікпен ұсталды.

Оның кінәсі дәлелденсе, 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Айыпталушы Сагареджо муниципалитетінде туындаған жанжал кезінде өзінің көптен бергі танысы Жанбота Төлегенді қатты затпен ұрып өлтіріпті.

Ресми мәліметтерге сәйкес, күдікті қылмысын жасыру үшін әйелдің денесін өзенге лақтырып жіберіп, содан кейін оқиға орнынан қашып кеткен.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері күдіктіні ұстады. Қасақана кісі өлтіру фактісі бойынша Грузия қылмыстық кодексінің 108-бабы бойынша тергеу жалғасуда.

Осыған дейін қазақстандық журналистің Грузияда кісі қолынан қаза тапқаны хабарланды.

Другие новости

Back to top button