Главное

Дәулет Мұқаев екі күнде 50-60 баланың тұсауын кеседі

Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев әлеуметтік желідегі парақшасында 5-6 шілде күндері тұсау кесетінін айтып, жарнама жасады, деп жазады Azattyq Rýhy.

5-6 шілде күндері ол қатарынан 50-60 баланың тұсауын кесетін көрінеді. Өйткені, өз сөзіне сенсек, «баламның тұсауын кесіп берші» дейтін ата-ана көп болғандықтан, ол осындай акция өткізуге мәжбүр.

«Stories-те жарнама бере сала менеджерге жазып, тіркеліп үлгеру керек. Бір жарнама бергенде 10-12 минут ішінде 50-60 баланың тізімі толып қалады. Содан кейін жарнама өшеді, менеджердің байланыс нөмірлері де өшеді», — дейді Мұқаев.

Депутат баланың тұсауын кескені үшін ешкімнен ақша алмайтынын жазған.

Другие новости

Back to top button