Госорганы

Дауға толы жыл: Министр Әлназарова отставкаға кете ме

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназаров үкіметтің кеңейтілген отырысы болар алдында өзінің жұмысын қалай бағалайтынын айта алмады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

МӘН-ЖАЙ

Министрдің қызметін бағалауы туралы сұрақты Ulysmedia тілшісі қойып, Әлназарова басқаратын ведомствоға қатысты былтыр көптеген проблема туындағанын атап өтті. Оның ішінде, онкологияны, жетім науқастарды қаржыландыруға қатысты жанжал мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіне қарсы шыққандар бар.

ДӘЙЕКСӨЗ

Денсаулық сақтау министрі бұл сұраққа жауап бермеді.

— Уақыт аз қалды ғой. Жұмыс нәтижесі туралы президент қалай шешсе, солай болады ғой, дейді министр.

Айта кетейік, 28 қаңтарда президент Тоқаевтың төрағалығымен үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді. Отырыс барысында елдің былтырғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары шығарылып, үкіметтің алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттері айтылады.

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, бұған дейін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі онкологиялық қызметтердің жаңа тарифтерін әлі бекітпегені белгілі болған. Бұған дейін департамент бұл саланың бюджетін 20 пайызға қысқартып, науқастарға 2025 жылдың басына дейін мәселені шешуге уәде берген.

Другие новости

Back to top button