Главное

Дәстүр емес, қылмыс: Бас прокуратура қыз алып қашу жөнінде мәлімдеме жасады

Бас прокуратура өкілдері некеге мәжбүрлеу адам құқығын өрескел бұзу екенін, таяуда Қылмыстық кодекстің жаңа 125-бабы тәжірбиеге енгізілетінін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бас прокуратура 2025 жылғы 16 шілдеде Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қылмыстық заңнаманы оңтайландыру-жетілдіру бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойғанын еске салып өтті.  Заң күшіне енгеннен кейін, Қылмыстық кодексте неке қиюға мәжбүрлегені үшін жаңа 125-1-бап тәжірибеге енгізіледі. Бұл бапта 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

«Неке қиюға мәжбүрлеу –  адамның өз еркінен тыс, қысым көрсету немесе зорлық-зомбылық арқылы некеге отырғызылуы. Бұл жағдай адам құқығын өрескел бұзу болып саналады. Неке екі адамның еркін және саналы келісімімен құрылуға тиіс. Келісімсіз қыз алып қашу дәстүр емес, қылмыс екенін ескертеміз», – делінген прокуратура хабарламасында.

Другие новости

Back to top button