Мангистауская область
«Дарынды әрі еңбекқор еді»: мұғалімдер ұшақ апатында қаза тапқан 11 жастағы Эльдар туралы айтып берді
Ақтаудағы ұшақ апатынан анасымен бірге қаза тапқан астаналық 11 жастағы бала Эльдар Жұмағат туралы оның мұғалімдері айтып берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Әуе апаты салдарынан қаза тапқандар туралы тың деректер белгілі болды. Олардың арасында 11 жасар Эльдар Жұмағат пен оның анасы да бар. Мұғалімдердің айтуынша, Эльдар — дарынды, мейірімді, әрі еңбекқор бала болған. Ол барлық таныстарының жүрегінде жарқын із қалдырды», — делінген министрліктің хабарламасында.
Оқу-ағарту министрлігі қаза болғандардың отбасына көңіл айтып, олардың қайғысына ортақтасады.
Бұған дейін астаналық нотариус Гауһар Шаймерденова мен оның 11 жастағы ұлы Эльдар Жұмағат Грозныйға жаңа жылды қарсы алу үшін ұшқанын хабарлағанбыз. Һкінішке қарай, олар діттеген жеріне жете алмай, әуе апатынан қайтыс болды.