«Дәрігерлерге тек сөгіс берілген»: Ақтауда ауруханада бір жасар бала қайтыс болды
Ақтауда 2024 жылы 11 мамырда балалар жұқпалы аурулар ауруханасында бір жастағы сәби қайтыс болды. Баланың ата-анасы ұлымыз медицина мамандарының немқұрайлылығының салдарынан көз жұмды деп санайды. Олар дәрігерлерді жазалауға тырысқанымен, қажетті нәтижеге қол жеткізе алмаған. Олардың айтуынша, кінәлі дәрігерлер тек сөгіс алған. Бұл туралы сәбидің әкесі Ермек Нұрбаев айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy жергілікті Lada.kz басылымына сілтеме жасап.
Ермек Нұрбаевтың айтуынша, ұлы Абдулла Өтегеннің күн сайын қызуы көтерілген. Алдымен олар учаскелік педиатрге жүгінге. Бірақ ол тағайындаған емнен баланың температурасы төмендемепті, сондықтан олар балалар жұқпалы аурулар ауруханасына барыпты. Онда дәрігерлер нәрестеде ЖРВИ бар деп болжап, қызуын түсіріп, дәрі-дәрмек жазып беріп, үйге жіберді.
«Емдеу еш нәтиже бермеген соң, біз жеке инфекционистке бардық. Ол жұқпалы аурулар ауруханасының тағайындаған емді жалғастыруды ұсынды. Алайда температура төмендеген жоқ. Содан қайтадан жұқпалы аурулар ауруханасына баруға тура келді. Жедел жәрдем және такси арқылы қайта келгенімізге қарамастан, 18 сәуірге дейін бізді ауруханаға жатғызбады. Біз төртінші рет ауруханаға бардық, бірақ бұл демалыс күні болды және ЖРВИ диагнозы қайтадан қойылды. Бір аптадан кейін ғана диагноз пневмония мен цитомегаловирусқа өзгертілді», — деді баланың әкесі.
Әкесінің айтуынша, ауруханада бала қызылшамен ауырған, бұл оған қосымша ауыртпалық болды. 9 мамырда таңертең ұлының жағдайы нашарлай бастапты, ал 10 мамырда таңертең бала өздігінен дем ала алмады және реанимация бөліміне ауыстырылды. 11 мамырда бүлдіршіннің жүрегі тоқтап қалды.
Осы уақытқа дейін өзі жүріп-тұрып, тамақтанып жүрген бала жұқпалы аурулар ауруханасында ем алып бастағаннан кейін жатып қалған. Дәрігерлер берген қорытындыда өлім сепсистен болғандығы көрсетілген.
«Біз дәрігерлерге ұлымыздың өмірі мен денсаулығын сеніп тапсырдық, бірақ олардың әрекетсіздігі мен қателіктері оның өліміне әкелді», — деді Ермек Нұрбаев.
Баланың әкесінің айтуынша, олар бұл істі аяқсыз қалдырмай, ҚР Президенті Әкімшілігіне, ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне және ҚР Бас прокуратурасына осы істі қарауды сұрап өтініш жазған. Бас прокуратура өтінішті қарап, оны одан әрі қарау үшін ІІМ-ге жолдады. Өз кезегінде ІІМ өтінішті қарау және тергеуді ашу үшін оны Маңғыстау облысының полиция департаментіне қайта жіберді.
Ермек Нұрбаевтың айтуынша, баланың қайтыс болу фактісі бойынша Маңғыстау облысының Денсаулық сақтау басқармасы тексеру жүргізген. Тексеру нәтижесінде бірнеше дәрігер мен балалар облыстық ауруханасының директоры баланың қайтыс болуына қарамастан, жұмысқа немқұрайлы қарағаны және заңнаманы сақтамағаны үшін сөгіс түрінде тәртіптік жазамен ғана жазаланды.
Өңірдің медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің департаменті де тиісті тексеру жүргізді, оның нәтижелері бойынша ҚР ӘҚБтК 80-бабының 2-1-бөлігіне сәйкес лауазымды адамға 25 АЕК (92 300 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды.
«Осылайша, 92 300 теңге көлемінде төлеп, сөгіс алған баланың өліміне жол берген емдеуші дәрігер атқарып отырған лауазымына сәйкестігін тексерусіз және ұлымды емдеу тактикасын бағалаусыз әрі қарай жұмыс істеуді жалғастыруда», — деп ашуланды Ермек Нұрбаев.
Қайтыс болған баланың ата-анасы уәкілетті органдар тексеруді дұрыс жүргізбейді деп алаңдайды, егер олар жүргізсе, онда ол жеткілікті түрде жүргізілмейді.
Өңірдің денсаулық сақтау басқармасы бұл жағдай бойынша ҚР диагностикасы мен емдеу хаттамаларын басшылыққа ала отырып, баланың толық көлемде ем алғанын мәлімдеді.
«Республикалық орталықтармен телемедицина жүргізілді, емдеуді түзету жүргізілді. Денсаулық сақтау басқармасы тарапынан да, Маңғыстау облысы бойынша емдеу сапасын бақылау комитеті тарапынан да ауру тарихына талдау жүргізілді. Барлық қорытындылар заңды өкілдерге берілді. Емдеуші дәрігер тексеру кезінде және қазір декреттік демалыста», — деді Маңғыстау облысы Денсаулық сақтау басқармасының ана мен бала денсаулығын сақтау және медициналық көмекті үйлестіру жөніндегі басшысының орынбасары Асқар Махмұтов.
Аймақ полициясы медицина қызметкерінің кәсіби міндеттерін тиісінше орындамау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.
«Полиция қажетті тергеу әрекеттерін жүргізуде. Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді, — деп қорытындылады ведомстводан.