Дәрігерлер қыздардың пәк немесе пәк емес екенін білуі керек – министрлікте пікір екіге жарылды
Қазақстанның денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дудник дәрігерлер жас қазақстандықтардың «вирго» мәртебесі туралы білуі керек деп мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Вице-министрдің бұл пікірі денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың пайымына кереғар. ҚазҰУ-дың «пәк қыздар» тізімі жарияланып, жанжал туғаннан кейін министр ведомство қажетсіз тізімдерді, оның ішінде қазақстандықтардың интимдік статусын сұраудан бас тартуға ниетті екенін мәлімдеген.
Вице-министрдің айтуынша, медициналық деректерді үшінші тұлғаларға беруге болмайды.
– Егер студенттердің гастрит, уролития туралы басқа диагнозы жайлы ақпарат тараса, мұндай сұрақтар туындар ма еді? Дербес деректерді сақтау туралы заң бар. Бірақ тексеруден өту стандарты да бар. Әйел тексеруге келсе, ол «вирго ма», жоқ па — тексерудің де әр түрі болады. Егер әйел жыныстық өмір сүрсе, флораға, жыныстық инфекцияларға талдау жасап, контрацепция әдістерін талқылау керек. Бұл дәрігердің құзыретіне кіреді. Дәрігер пациенттің амбулаториялық картасына жазып, тіркеуі тиіс. Бұл анамнезді жинаудың стандартты процедурасы, — деді Дудник.
Вице-министр дәрігерлер сондай-ақ жыныстық жолмен берілетін аурулармен, туберкулезбен, онкологиямен ауыратындардың тізімін жүргізетінін атап өтті. Бұл ақпарат азаматтар үшін де маңызды.
– Сіз бізге бұл деректерді жинамауды, тексермеуді ұсынасыз ба? Біз суперақпараттандыру кезеңінде өмір сүріп жатырмыз және бұл мәліметтерді дербес деректер туралы заң бойынша жақсы қорғауы қажет, — деп нақтылады Дудник.
Ол сондай-ақ денсаулық сақтау министрлігі «пәк қыздардың» тізімін жалпы чатқа «біріктірген» медбикенің болашақ тағдыры туралы білмейтінін атап өтті.
Бұған дейін Қазақстан Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха «пәк қыздар» тізімінің жариялану жағдайында дербес деректер туралы заң бұзылған деп мәлімдеген болатын. Ол зардап шеккен студенттердің өтініш жазуына немесе жазбауына қарамастан қылмыстық жауапкершілікті қарастырылатынын айтады.