Актюбинская область

Дәрігерлер анасы мен ағасының мәйіті жанынан табылған қыз баланың жағдайы туралы айтты

13 жастағы жасөспірім қазір жансақтау бөлімінде жатыр

Дәрігерлер Ақтөбеде кісі қолынан қаза тапқан анасы мен ағасының жанынан табылған баланың жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы мәлімдегендей, 13 жастағы қыз бала пышақ жарақатымен облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.

«Қыз баланың жағдайы ауыр, оған ота жасалды, қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Диагнозы – сыртқы мойын көктамыры зақымдалған, мойынның алдыңғы және оң жағында бірнеше тесілген және кесілген жарақат, трахеяның жанама жарақаты және мойын бұлшықетінің артқы және оң жақ жарақаты бар», — деді Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаев.

Еске салсақ, Ақтөбеде пәтерлердің бірінен 35 жастағы әйелдің және оның 16 жастағы ұлының зорлықпен өлім белгілері бар мәйіті табылған болатын. Сонымен қатар пәтерден қаза тапқан әйелдің 13 жастағы қызы ауыр халде табылды. Көптеген пышақ жарақатын алған қыз бала балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылған болатын.

Қазіргі кезде аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдіктілер іздестіріліп жатыр.

Другие новости

Back to top button