Danfoss Қазақстанның «Жасыл экономика» тұжырымдамасына қолдау көрсету үшін энергия тиімділігіне көбірек көңіл бөлуге үндейді
200-ден астам сала сарапшылары, билік өкілдері және студенттер Дания Елшілігі миссиясы басшысының орынбасары Каспер Корсгаардпен бірге Алматыда өткен «Энергия тиімділігі әрекет жүзінде» атты Danfoss компаниясы ұйымдастырған іс-шараға қатысты.
- Danfoss пікірінше, энергия тиімділігін арттыру Қазақстан Республикасы үшін 2050 жылға қарай (2008 жылғы базалық көрсеткішпен салыстырғанда) ЖІӨ энергия сыйымдылығын 50%-ға төмендету мақсатына жетудің ең қарапайым әрі үнемді жолы болып табылады.
- Danfoss энергия үнемдеу шешімдері Астананың Орталық мешітінде қазірдің өзінде қолданылып жатыр, соның арқасында жалпы жылу тұтынуды 17,5%-ға азайтуға мүмкіндік берді.
Данияның Danfoss көпұлтты инженерлік компаниясы «Энергия тиімділігі әрекет жүзінде» тақырыбында конференция өткізді. 200-ден астам сала сарапшылары, билік өкілдері және студенттер Алматы қаласындағы Royal Tulip қонақүйінде бас қосып, Қазақстан Республикасының жасыл экономикаға көшуіне септесетін энергия тиімділігі саласындағы шешімдерді талқылады және баршаның назарына ұсынды.
Былтырғы жылдың желтоқсан айында БАӘ-де өткен БҰҰ Климаттың өзгеруі жөніндегі конференциясында Париж келісімінің мақсаттарына жету үшін бүкіл әлемде энергия тиімділігін арттыру қарқынын екі есе үдету керек деген қорытынды жасалды. Қазақстанда энергия тиімділігін арттыру саясаты барлық секторларда бар, оған қоса соңғы ХЭА есебіне сәйкес үкімет энергия тиімділігін басымдық ретінде белгіледі. Десе де, әлі талай асу бар.
Қазақстанның ЖІӨ бірлігіне шаққандағы СО2 шығарындыларының қарқындылығы орташа әлемдік көрсеткіштен 70%-ға дерлік жоғары, яғни, елдің энергияны көп қажет ететін ауыр өнеркәсіпті қамтитын және электр энергиясын өндіруде көмірге тәуелді экономикасының құрылымын көрсетеді. Алайда 2013 жылғы «жасыл экономикаға» көшу тұжырымдамасы ел 2050 жылға қарай электр энергиясының 50%-ын «баламалы немесе жаңғырмалы» көздерден өндіретін болады деп көздейді. Тұжырымдамада сондай-ақ 2050 жылға қарай (2008 жылғы деңгеймен салыстырғанда) ЖІӨ энергия сыйымдылығын 50%-ға төмендетуді нысанаға алған өршіл мақсат белгіленген.
Конференцияда Danfoss компаниясы машиналардың өнімділігін арттыратын, шығарындыларды азайтатын, энергия тұтынуды азайтатын және электрлендіруге септігін тигізетін шешімдерді ұсынып, көміртексіздендіру және жасыл өсу жолын берік ұстанатынын тағы бір мәрте растады.
Дүние жүзіндегі СО2 шығарындыларының 40%-ға жуығы ғимараттарға келетіндіктен, талқыланған тақырыптардың бірі жаңа және жөнделетін ғимараттарда энергия тиімділігін оңтайландыру болды.
Зияд Аль Бавализ, Түркиядағы, Таяу Шығыстағы, Африкадағы және Орталық Азиядағы Danfoss аймақтық президенті:
«Бүгінгі таңда қолжетімді шешімдердің көмегімен энергия тиімділігін арттыру Қазақстан Республикасы үшін көміртексіздендіру мақсатына жетудің ең оңай әрі үнемді жолы болып табылады. Соның бір мысалы – Астана қаласының Орталық мешіті. Danfoss компаниясының озық шешімдері мешіттің энергия тиімділігін өзгертті, соның нәтижесінде жыл сайын 8 298,01 Гкал жылу энергиясы үнемделеді, бұл жалпы жылу тұтынудың 17,5%-ға азаюымен тең. Осылайша үнемдеу жыл сайын 55 000 АҚШ долларынан асатын шығындарды айтарлықтай төмендетеді».
Конференцияда атап өтілген тағы бір мүмкіндік энергия тиімділігінің «ұйқыдағы алпауыты» атанған артық жылуды пайдалану болды. Бүкіл энергожүйемізде энергия атмосфераға жылу ретінде шығып, ғайып болады, бірақ оны ұстап қалып, стратегиялық мақсатта пайдалансақ, сол жылу қазба отын және электр энергиясы сияқты аса құнды энергетикалық ресурстардың айтарлықтай көлемін алмастыра алады, сөйтіп қаражат үнемделеді және парниктік газдардың шығарындылары азаяды.
«Жұмыс істеген сайын қозғалтқыш жылу шығарады. Мұны тоңазытқыштың артындағы жылуды сезінген кез келген адам растай алады. Дәл осы құбылыс супермаркеттерде, деректер орталықтарында, зауыттарда, су тазарту қондырғыларында, метро станцияларында және коммерциялық ғимараттарда ірі ауқымда орын алады. Артық жылуды зауытты жылытуға немесе ыстық сумен қамтамасыз етуге пайдалануға болады немесе оны орталықтандырылған жылу жүйесі арқылы көршілес үйлер мен өнеркәсіп қайта пайдалана алады», — деп атап өтті Дмитрий Трошанов, Орталық Азиядағы Danfoss директоры.
Danfoss сонымен қатар өзінің соңғы жетістіктері мен қалыптасқан стратегияларын ұсыну арқылы инновацияға деген құштарлығын паш етті. Олардың ішінде — көптен күткен интеллектуалды жетектердің жаңа буынын, iC7 өнімдерін шығару. Сонымен қатар конференцияда Danfoss жақында сатып алған BOCK компрессорларының тұсаукесері өтті. Аталмыш жетістіктер Қазақстандағы кәсіпорындар мен мекемелерге энерготиімді шешімдер енгізуге және тұрақты даму саласындағы ұлттық мақсаттарға қол жеткізуге өз үлесін қосуға мүмкіндік береді.
«Дания бұрыннан бері тұрақты дамудың үлгісі болып саналады. Жаңғырмалы энергия көздеріне, тиімді технологияларға және белсенді саясатқа қатысты берік ұстанымымыздың арқасында Дания климаттың өзгеруімен күресуге тырысып жатқан дүние жүзіндегі барлық елдер үшін шамшырақ іспетті. Danfoss сияқты даниялық компаниялар әртүрлі секторларда көміртексіздендіруге жол ашатын озық шешімдері арқылы осы философияны іске асырып жүр», — деді іс-шарада сөйлеген сөзінде Каспер Корсгаард, Данияның Мәскеудегі миссиясының, сауда бөлімінің басшысының орынбасары (Қазақстанда аккредиттелген).
Danfoss Қазақстанда 2002 жылдан бері жұмыс істейді, Danfoss Power Electronics және Drives және Danfoss Climate Solutions сегменттерін қамтиды. Алматы қаласындағы жергілікті кеңседе 30-дан астам адам жұмыс істейді. Компания елдің жасыл болашағын құру және жас таланттарды дамыту арқылы өскелең ұрпаққа білім дарыту үшін 50 жергілікті серіктестермен жұмыс істеуге мықтап бекінген.
Қазақстандағы Danfoss туралы толығырақ.
Соңы
Қосымша ақпарат алу үшін, өтінеміз, келесі тұлғаға хабарласыңыз:
Мартина Пожгай (Martina Pozgaj)
Түркиядағы, Таяу Шығыстағы және Африкадағы Danfoss компаниясының аға коммуникациялар маманы
Тел.: +971 529823929
E-mail: martina.pozgaj@danfoss.com
Danfoss A/S туралы: Danfoss машиналардың өнімділігін арттыратын, шығарындыларды азайтатын, энергия тұтынуды азайтатын және электрлендіруге септесетін шешімдерді әзірлейді. Біздің шешімдеріміз тоңазыту, ауа баптау, жылыту, энергияны түрлендіру, қозғалтқыштарды басқару, өнеркәсіптік жабдық, көлік құрастыру, теңіз техникасы, жерүсті және одан тыс қолдануға арналған құрал-жабдық сияқты салаларда қолданылады. Біз сондай-ақ күн және жел энергиясы сынды жаңғырмалы энергия көздеріне арналған шешімдер ұсынамыз, соынмен қоса қалалар үшін орталықтандырылған жылу инфрақұрылымын ұсынамыз. Біздің инновациялық әзірлемелеріміздің тарихы 1933 жылдан бастау алады. Danfoss отбасыға және қорға тиесілі, компанияда 42 000-нан астам адам жұмыс істейді, ал өнімдері 95 зауыттан тұратын жаһандық желі арқылы 100-ден астам елде сатылады. www.danfoss.com