ГлавноеГосорганы

Дәнді-дақылдың 40 пайызы жиналды – АШМ

Былтыр осы кезеңде 72,8% жиналған

Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров жиналған дәнді-дақылдар жайлы айтты, деп хабарлады Azattyq Ruhy.

«Биыл дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар жиналатын алаң 17,3 млн. гектарды құрайды. Бүгінгі таңда республика бойынша барлығы 6,9 млн гектар немесе 40,0% дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар жиналды. 6,6 млн тонна астық бастырылды, орташа өнімділік гектарынан 9,5 центнерді құрады», — деді Айдарбек Сапаров.

Министр атағандай, өткен жылдың осыған ұқсас кезеңінде 11,6 млн гектар немесе 72,8% жиналған болатын.

«Бұл ретте егіс науқаны оңтайлы аграрлық мерзімдерде жүргізілді, жаздың ауа-райы жағдайлары елдің көп бөлігінде қалыпты жағдайда болды, егін жинау науқанына дайындық кезеңінде техниканың дайындығы, жеңілдетілген жанар-жағармай 100% қамтамасыз етілді. Негізгі астық егетін аймақтарда 3 аптадан астам уақытқа созылған ұзақ жауын-шашын өзінің кесірін көрсетті, бұл жаңа түсімнің сапасының нашарлауына, астықтың өніп кетуіне, жоғары ылғалдылық пен рефакцияға және дәнді дақылдардың төмен өнімділігіне әкелді», — деді ол.

Әкімдіктердің деректері бойынша 2,7 млн гектарда немесе 15% алаңда дәннің өніп жатқаны байқалады.

«Орташа өнімділік өткен жылғы деңгейден гектарынан 2,7 центнерге төмен екендігін айта кету керек.Қазіргі уақытта облыстарда барлық егін жинау техникасы жаппай егістіктерге шықты, егін жинау жұмыстары жалғасуда», — деді министр.

Другие новости

Back to top button