Социум
Дәмханада ерекше баланы тамақтандырған даяшының әрекеті жұртты сүйсіндірді (ВИДЕО)
Дәмханалардың бірінде ерекше баланы тамақтандырып, киімін кигізген даяшының әрекеті жұртты сүйсіндірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға көпшіліктің көз алдында болған.
«Бәріміздің көзіміздің осы балаға түсті. Жүрегім ауырып, қайта-қайта қарай бердім. Сол жерде жұмыс істейтін жігіт тамағын беріп, киімдерін кигізді. Өзінің бауыры сияқты қарап, шығарып салды», — деп жазды видео авторы.
Желі қолданушылары даяшының бұл әрекетін ризашылықтарын білдірді.
«Түрінен көрініп тұр мейрімді жан екені, жүзі жылы», «Алла разы болсын мына жігітке. Міне, ата-анасының тәрбиесін көрген текті ұрпақ», «Міне азамат, міне нағыз қазақтың баласы», «Осы баланы жақсылығы үшін алдынан көп бақыт, қуаныш тосып тұр», — деп жазды желі қолданушылары.