Бизнес

Coca-Cola су тасқынынан зардап шеккендерге 100 млн теңге бөлді

Coca-Cola компаниясы су тасқынынан зардап шеккендерге қолдау көрсету мақсатында 100 млн теңгеден астам қаражат бөлді. Бұл сомасының басым бөлігін «The Coca-Cola Foundation» халықаралық қайырымдылық қоры берді. Бөлінген қаражат тасқын судан зардап шеккендерге төсек-орын, азық-түлік пен гигиеналық жиынтықтар сатып алуға жұмсалады.

Сонымен қатар компания соңғы бір айда апатты аймақтардағы эвакуациялық орталықтарды 45 мың литр су және басқа да сусындармен қамтамасыз етті.

Компания бұл жұмыстарды Қазақстандағы Қызыл Ай қоғамы мен «Birgemiz» қорының қолдауымен жүзеге асырып отыр.

Другие новости

Back to top button