Бизнес

«Coca-Cola Belesteri» жобасы EUROBAK сыйлығына ие болды

Бұл бағдарлама аясында 120 мыңға жуық қазақстандық әйел оқудан өтті. 2024 жылдың маусым мен қараша аралығында онлайн оқуға 20 мыңға жуық әйел қатысты.

Қазақстанда «Coca-Cola Belesteri» («Өсу сатылары») білім беру бағдарламасы он екінші жыл қатарынан жұмыс істеп жатыр. Жобаның негізгі мақсаты – кәсіпкерлік бастамаларды қолдай отырып, бизнестің негіздері бойынша оқу курстарына қатысу, гранттар ұтып алу мүмкіндігі бар байқаулар мен стартаптарды дамытуға бағытталған бизнес-акселераторға қатысу арқылы Қазақстан халқының экономикалық мүмкіндіктерін арттыру. Жобаға қатысқан әйелдер өздері қалаған ісін бастауға және отбасының табысын арттыруға мүмкіндік алады.

«Coca-Cola Belesteri» бағдарламасының 2020-2023 жылдар аралығындағы түлектері Қазақстанда 7,5 мыңнан астам шағын кәсіпкерлік ашып, 10 мыңнан астам жұмыс орнын құрды 2024 жылы жобаның жаңа маусымы жалғасуда. Сертификат алғаннан кейін қатысушылар өз бизнес-жоспарларымен 2 мыңнан бастап 4 мың АҚШ долларына дейін грант ала алады.

«Coca-Cola Belesteri» жобасы Қазақстанның қоғамдық және экономикалық өміріне қосқан үлесі үшін биыл Қазақстанның Еуропалық Бизнес Ассоциациясынан (EUROBAK) «Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік» номинациясында және Американдық Сауда Палатасынан «Қоғамға қызмет көрсету» номинациясында екі беделді марапатқа ие болды.

2024 жылдан бастап жоба жас кәсіпкерлерге арналған оқыту бағдарламасын, грант алу мүмкіндігі бар байқауды және Бизнес-акселераторды қамтитын жаңа бағытты ұсынады. Бұл бағыт 30 жасқа дейінгі жас ерлер мен әйелдерге қолжетімді.

 

Другие новости

Back to top button