Ғылым және техника

Cloud computing трендтері немесе Қазақстанда бұлтты есептеу нарығы қалай дамып жатыр?

Қазақстанның бұлтты нарығы дамуының алғашқы сатысында, бірақ оның өсім қарқыны таң-тамаша етеді. Сарапшылар cloud computing өсімінің қарқынды дамып жатқанына назар аударып отыр.

 

Жетекші сараптамалық агенттіктер бұлтты технологияныбүкіл әлемдегі бизнесті дамытудың қозғаушы күші депатайды. Мәселен, америкалық Gartner зерттеу жәнеконсалтингтік компаниясы 2023 жылы бүкіл әлембойынша қоғамдық бұлтты пайдаланушылардың шығынышамамен 600 миллиард долларға жетіп, 21,7%-ға артадыдеп болжаған. Мұндай динамика, ең алдымен, жасандыинтеллект (AI), Web3 танымалдығының артуымен жәнеметағаламның дамуымен байланысты.

Қазақстандағы бұлттар

Қазақстан әлемдік трендтерге сәйкес дамып келеді жәненарықтың қарқынды өсімін көрсетіп отыр.

 

ҚР-да 2022 жылы бұлтты технологиялар индустриясыныңкөлемі 23,72 млрд теңгеге жеткен, бұл 2021 жылменсалыстырғанда 44,8%-ға көп. Қызметтердің шамамен66%-ы жергілікті провайдерлерден келеді, олар 80% жағдайда тек инфрақұрылымдық бұлттық қызметтерді(IaaS) қамтамасыз етеді.

Сарапшылардың пайымдауынша, бұл – түсінікті үрдіс, себебі бизнеске АТ-инфрақұрылымын республика аумағында қорғалған контурда және деректерорталықтарында өрістету маңызды. Мәселен, VK Cloudхалықаралық компаниясы QazCloud-пен серіктестіктебиыл Қазақстанда бизнеске бейімделген және ел аумағындағы дата-орталықта орналасқанлокализацияланған бұлтты платформаны іске қосты. VK Cloud бұлттық қызметтері стартаптар мен ірікомпанияларға цифрлық трансформацияны жүзегеасыруға және заңнамаға сәйкес өнімдерді нарыққашығару уақытын жеделдетуге көмектеседі.

— VK Cloud бұлтты платформасы бір терезеденцифрлық технологияларды дамыту үшін қажетті АТ-құралдар мен сервистер қолжетімді бизнеске арналғанХҚКО іспеттес, дейді VK Tech Қазақстан өкілдігініңбасшысы, VK Cloud дамыту жөніндегі директоры Арман Нұрышев. — Бұлтты платформа 20-дан астамалдын ала конфигурацияланған IaaS, PaaS және SaaSқызметтерін біріктіреді. Олардың көмегімен бизнес деректерді сақтай алады немесе бірнеше минут ішінде IT инфрақұрылымын орналастыра алады, ауқымдыдеректерді әзірлеу және өңдеу үшін заманауи құралдардықосады, ақпараттың резерв көшірмесін және қалпынакелтірілуін қамтамасыз етеді. Жергілікті дата-орталықта орналастыру «Дербес деректер туралы» 94-V заң талаптарының сақталуын, сондай-ақ сервистердіңжоғары жұмыс жылдамдығын қамтамасыз етеді.

Әлемдік трендтер

Сарапшылар әлемдегі бұлт нарығының өсудрайверлерінің бірі деп жасанды интеллектті (ЖИ) атап отыр, онымен дұрыс жұмыс істеу үшін қуатты жәнемасштабталатын есептеу мүмкіндіктері қажет. ЖИмодельдерін әзірлеу және оқыту нақты уақыт режиміндеүлкен көлемдегі деректерді өңдеуді қажет етеді. Бұлтапсырмалар үшін бұлтты платформа өте қолайлы.

«Қазақстанда бұлтқа сұраныстың өсуіне басқа себептерде бар: компаниялар бизнес-процестердіавтоматтандыру үшін АТшешімдерді белсенді енгізіпжатыр, онлайн-сервистерді әзірлеп жатыр, жасандыинтеллектті оқыта отырып, үлкен деректерменэксперименттер жүргізіп жатыр. Жасанды интеллектдегеніміз бизнесті автоматтандырудың негізгіміндеттерін өтеген кезде компаниялар көшетін келесіқадам», — деп есептейді Vk Tech өкілдігінің басшысы, Қазақстандағы VK Cloud дамыту жөніндегі директоры Арман Нұрышев.

Сарапшылардың болжамына қарағанда, 2023 жылыбұлтты нарықтың барлық сегменті өседі. Қызмет ретіндеинфрақұрылымға (IaaS) соңғы пайдаланушылардыңшығындары ең жоғары қарқынмен өсіп жатыр — 30,9%, одан кейін қызмет ретінде платформа (PaaS) — 24,1% өсім. Сонымен қатар, нарықтың ең үлкен үлесі — 33%-ынSaaS қызметтеріне тиесілі — бұл қызмет ретіндегібағдарламалық қамтамасыз ету. SaaS шығындары 17,9%-ға өсіп, 2023 жылы 197 миллиард долларға жетеді деген болжам бар.

«SaaS қызметтері ең түсініктісі және пайдалануға оңай. Қазақстандық қолданушылар B2C сегментіндегі бұлттыбағдарламаларға бой үйрете бастаған: электрондықпошта, білім беру сервистері, блог жүргізуге арналғанплатформалар, сайттар құруға арналған веб-конструкторлар және т. б. бизнес үшін осындай модель бойынша CRM-жүйе, онлайн-бухгалтерия сервисі немесеЭДО, офистік бағдарламалар ұсынылуы мүмкін, дейдіVK Tech өкілдігінің басшысы, Қазақстандағы VK Cloudдамыту жөніндегі директор Арман Нұрышев. Инфрақұрылымдық қызметтер есептеу қуатын жалғаалуды және pay-as-you-go (тек тұтынылған ресурстарүшін) төлеуді көздейді. Платформалық қызметтердегеніміз бұл бағдарламалық жасақтама жасаушылармен деректерді талдаушылар үшін дайын немесе алдын-ала жасалған құралдар».

Сонымен қатар, Gartner 2026 жылға қарай әлемдегіұйымдардың 75%-ы бұлтты іргелі базалық платформа ретінде пайдалануға негізделген цифрлық трансформация моделін қабылдайды деп болжайды.

«Бұлтты технологияларға деген жоғары сұранысолардың бизнес үшін ашатын жаңа мүмкіндіктеріменбайланысты. Мұндай мүмкіндіктер көбейіп келеді: бұлтты инфрақұрылымды таңдаған компаниялар ITде айтарлықтай үнемдей алады және цифрлық шешімдердіөз процестеріне тезірек енгізе алады. Сонымен қатар, бұлтты технологиялар инновацияларғаBig Data, жасанды интеллект, заттар интернеті және басқасына қол жеткізуге мүмкіндік береді. Оңай масштабталатынинфрақұрылым мен арнайы құралдардың арқасында бұлтехнологияларды игеру және жобаларда пайдалануоңайырақ. Ол үшін тар профильді мамандардың үлкенштатын жалдаудың және ұстаудың қажеті жоқкүрделі құралдар PaaS (дайын платформалар) түріндеұсынылған және бір рет түймеге басу арқылы қолжетімді. Бұлттар кез келген саладағы компаниялар үшінцифрлық трансформацияның негізі бола алады: бөлшексаудадан қаржы секторына дейін, интернет-компаниялардан денсаулық сақтау саласына дейін».

Другие новости

Back to top button