Бизнес

CCI Kazakhstan – «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» номинациясы бойынша «Парыз 2025» президенттік сыйлығының жеңімпазы

Coca-Cola İçecek Kazakhstan «Парыз 2025» әлеуметтік жауапкершілік бойынша ұлттық байқауының жеңімпазы атанып, ірі кәсіпорындар санатындағы арнайы марапат – «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» номинациясын иеленді. Мемлекеттік деңгейдегі жоғары баға компанияның ел бойынша адамдардың өмірін жақсартуға және жергілікті қауымдастықтарды қолдауға бағытталған ұзақ жылдар бойғы жүйелі жұмысының нәтижесі болып табылады. Марапат компанияның экологиялық шешімдерді енгізу және өңірлердің тұрақты дамуын қолдау бағытындағы еңбегін айқын көрсетеді.

Компания бастамаларының ішінде ерекше орын алатын жоба – «Есіл өзені алабындағы су айрықтарын интеграцияланған басқару». 2023 жылдың мамырынан 2024 жылдың наурызына дейін жүзеге асырылған бұл жобаға 75 млн теңге көлемінде инвестиция бөлініп, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы ауыл шаруашылығы және жайылымдық жерлердің жағдайын жақсартуға бағытталды. Су ресурстарын сақтау бұл өңірлердегі жергілікті шаруашылықтардың тұрақтылығына тікелей әсер етеді.

Су экожүйелерін қалпына келтіру жұмыстары ұзақ мерзімді нәтижеге ие. Соңғы он жыл ішінде The Coca-Cola Foundation халықаралық қайырымдылық қорының инвестицияларының арқасында Қазақстанда 25 млрд литрден астам су ресурстары қайта қалпына келтірілді. Есіл алабындағы жоба су ресурстарын тиімді пайдалану, жер өнімділігін арттыру және ауылдық қауымдастықтарды қолдау бағытындағы маңызды қадамдардың бірі болды.

«Парыз 2025» марапаты CCI Қазақстан компаниясының елдің тұрақты дамуына қосқан елеулі үлесін көрсетеді. Сонымен қатар, соңғы он жылда Coca-Cola жүйесінің әлеуметтік бағдарламаларға бөлген жиынтық инвестициясы 4,8 млрд теңгеден асып түскенін айта кеткен жөн.

«Мемлекет деңгейіндегі бұл мойындау біз үшін үлкен құрмет. Көрсетілген сенім мен еңбегіміздің жоғары бағаланғаны үшін ризамыз. Аталған марапат қоғамға нақты пайда әкелетін және тұрақты дамуға үлес қосатын жобаларды жүзеге асыруды жалғастыруға шабыт береді», — деп атап өтті компания өкілдері.

Компания серіктестіктерді нығайтып, әлеуметтік бастамаларды дамыту және Қазақстанның тұрақты болашағын қалыптастыратын ұзақ мерзімді шешімдер әзірлеу бағытындағы жұмысын жалғастыруды жоспарлап отыр.

Компания туралы:

CCI – түркиялық Anadolu Group тобының еншілес халықаралық сусындар компаниясы. Ол Түркия, Пәкістан, Қазақстан, Ирак, Өзбекстан, Бангладеш, Әзірбайжан, Қырғызстан, Иордания, Тәжікстан, Түрікменстан және Сирия мемлекеттерінде жұмыс істейді. CCI «The Coca-Cola Company» және «Monster Energy Beverage Corporation» компанияларының газдалған және газдалмаған сусындарын өндіреді, таратады және сатады және өзінің еншілес Anadolu Etap İçecek (Anadolu Etap Penkon Gıda ve İçecek Ürünleri Sanayi ve Ticaret Anonim Şirketi) кәсіпорны арқылы концентратталған жеміс шырынын шығарады.

CCI-да 10 000-нан астам адам жұмыс істейді. Компанияның 12 елде барлығы 36 құю және 3 жеміс өңдеу зауыты бар. Компания өз сусындарының кең ауқымын 600 миллион халқы бар нарыққа ұсынады. Өнімдер портфеліне газдалған сусындардан басқа шырындар, сулар, спорттық және энергетикалық сусындар, салқын шай мен кофе кіреді.

CCI акциялары Borsa Стамбул қор биржасында (BIST) «CCOLA.IS» коды белгісімен саудаланады.

Ағымдағы CCI көрсеткіштері:

12 ел, 10 мыңнан астам қызметкер, 36 құю зауыты, 3 жеміс-жидек өңдейтін зауыт, ~1,2 миллион сауда нүктесі, 600 миллионнан астам халқы бар нарық, 25+ бренд

Другие новости

Back to top button