Бизнес

Carlsberg Kazakhstan: бизнес қорытындылар және 2023 жылы тұрақты даму стратегиясының мақсаттарына қол жеткізу мәртебесі

Carlsberg Kazakhstan-ның 2023 жылдың қорытындысы бойынша нәтижелері

Сыра нарығының жалпы төмендеуіне (-5,4% көлемінде) және сыра санатындағы бағаның айтарлықтай өсуіне қарамастан (2023 жылдың аяғында +21,5%), «Сыра» санатындағы заманауи бөлшек саудада Carlsberg Kazakhstan компаниясы үлесі бойынша заттай және ақшалай мәнде бірінші орында тұр және 2023 жылғы желтоқсандағы жағдай бойынша тиісінше 47,2% және 44,9% ие (Қазақстандағы заманауи бөлшек сауда нарығы үшін 31.12.2023 жылы аяқталған 12 айдағы «Сыра» санаты үшін Nielsen RMS деректеріне сәйкес).

Энергетикалық сусындар санатында компания қазақстандық нарықтағы көшбасшылардың үштігіне кіреді.

Сондай-ақ, компания 2023 жылы 36 млрд теңгеден астам (2022 жылға қарағанда өсім 12%) салық және мемлекеттік бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеп, Қазақстанның ең ірі 50 салық төлеушісінің қатарында қалып отыр.

Қазақстандағы сыра нарығы: 2023 жылдың негізгі трендтері

Жалпы, 2023 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстандағы сыра нарығы -5,6%  төмендегенін көрсетті.

Тұтынушыларды дәстүрлі бөлшек саудадан заманауи бөлшек сауда арнасындағы жақсырақ және қолжетімді жарнамалық ұсыныстарға ауыстыра отырып, Қазақстанда сыраны сатудағы дәстүрлі бөлшек сауда арнасының үлесі соңғы бірнеше жылда жыл сайын заманауи бөлшек сауда арнасының пайдасына азайып келеді.

«Құйылмалы сусындар сататын арнайы дүкендер» арнасының дамуына байланысты 2022 жылға қарағанда (+1,2% 2) құйылмалы сыра нарығы 2023 жылға қарай оң қарқынды көрсетті –қазақстандық тұтынушылар дәстүрлі түрде өзімен бірге алып кетуге арналған сыраны жақсы қабылдайды, ол оларға қаптамадағы сырамен салыстырғанда литріне қайта есептегенде балғын және қолжетімді болып көрінеді.

Қаптамадағы сыра нарығының санаттың жалпы сатылымында әлі де негізгі болып табылатындығын атап өткен жөн (сыра нарығының шамамен 60% қаптамадағы сыраны сатудан, шамамен 40% кегтердегі сыраны сатудан түседі2).

Қазақстанда қаптамадағы сыра нарығы сегментінің ішінде бірнеше жылдан бері алюминий құты танымал болып келеді (қапталған сыра нарығының шамамен 70%2) бұл факт тұтынушылардың қалауына байланысты — құтыдағы сыра тез салқындатылады, ыңғайлы ашылады және сатып алу орнынан үйге немесе басқа тұтыну орнына оңай тасымалданады.

Егер «Сыра» санатындағы тұтынушылардың дәмдік талғамдары туралы айтатын болсақ, нарықтың негізгі үлесін классикалық алкогольдік сыра иеленеді (қаптамадағы сыра нарығының шамамен 95%), сонымен қатар, ең өсіп келе жатқан санат — «Дәмі бар сыра» болып табылады. Бұл санат көбінесе Seth & Riley’s Garage және Somersby сауда белгілерімен Carlsberg Kazakhstan компаниясымен дамуда, ол осы сегменттегі сату көлемінің 80% — дан астамын алып жатыр.

Тұрақты даму жөніндегі жобалар

2017 жылдан бастап Carlsberg Group «Тұрақты болашаққа бірге» тұрақты даму стратегиясын жүзеге асыруда. Стратегия заманауи жаһандық сын қатерлерге жауап болып табылады, және алты стратегиялық мақсатты қамтиды: көміртегі ізі НӨЛ, фермерлік ізі НӨЛ, қаптама қалдықтары НӨЛ, су шығыны НӨЛ, жауапсыз тұтыну НӨЛ және жазатайым оқиғалар НӨЛ. Топ компанияларының қалпына келмейтін табиғи ресурстарды тұтынуын азайту және Carlsberg Group бизнесінің экологиялық тұрақтылығына қол жеткізу үшін осы стратегияны жүзеге асыру шеңберінде бүкіл әлем бойынша Carlsberg Group өндірісінің алдында 2030 жылға қарай қол жеткізуге болатын нақты өлшенетін көрсеткіштер тұр.

Сыра қайнату саласында ғана емес, одан тыс жерлерде де тұрақты даму саласында озық стандарттарды белгілеуге көмектесе отырып, Жаһандық деңгейде Carlsberg Group тұрақты даму саласында айтарлықтай прогреске қол жеткізді. 2015 жылдан бастап Топ компаниялары көміртегі шығарындыларын -59% азайтты, сыра қайнату зауыттарында әлем бойынша гл. сыраға 2,5 гл. су деңгейінде табысты көрсеткіштерімен суды пайдалану тиімділігінің ұдайы артуы жүзеге асырылуда, 2015 жылдан бастап еңбекке уақытша қабілетсіздігімен жазатайым оқиғалардың деңгейін -53% төмендетуге қол жеткізілді. 2023 жылы бүкіл әлем бойынша сатылған барлық өнімдеріміздің 28,5% алкогольсіз немесе алкоголі төмен болды (≤3.5% алкоголь).

Carlsberg Kazakhstan соңғы жылдары осы стратегияны іске асыру шеңберінде айтарлықтай прогреске қол жеткізуде.  Жалпы, 2015 жылдан бастап компания өз өндірісіндегі судың меншікті шығынын 51%, жылу энергиясын – 49%, электр энергиясын-38% қысқарта алды. Компанияның көміртегі ізі 37%  төмендеді.

2023 жылы Carlsberg Kazakhstan «Мөлдір су» корпоративтік өңірлік экожобасын іске асыруды жалғастырды, оны компания 2016 жылдан бастап Қазақстанның әртүрлі өңірлеріндегі су айдындарының жағалауларын (еліміздің ең ірі көлдері Балқаш пен Алакөлді қоса алғанда) қоқыстан тазартып, жыл сайын өткізуде. Оны өткізген 8 жыл ішінде жобаға еріктілер ретінде 1600-ге жуық адам қатысты, 131 тоннадан астам қоқыс жиналды, оның бір бөлігі қайта өңдеуге жіберілді.

Carlsberg Group жалпы нәтижелері

Carlsberg Group бас директоры Якоб Ааруп-Андерсен айтқандай: «Күрделі тұтынушылық ортаға, айтарлықтай инфляциялық қысымға және валюта нарығындағы қиындықтарға қарамастан, біз 2023 жылы жақсы нәтижелерге қол жеткіздік».

Carlsberg Group-тың 2023 жылғы негізгі көрсеткіштері:

Түсімнің органикалық өсуі: + 9,2%
Алкогольсіз сусындар көлемінің өсуі: + 3% 
Кірістің гектолитрге өсуі: + 10% 

Егер Carlsberg Group бизнесімен ұсынылған әлемнің негізгі аймақтары бойынша 2023 жылдың нәтижелері туралы айтатын болсақ, онда Азиядағы органикалық көлемнің жалпы өсімі 2023 жылы +3,7%, Батыс Еуропада -2,3%, Орталық және Шығыс Еуропада (бұл аймаққа Carlsberg Kazakhstan жатады) -4,0% құрады.

***

Carlsberg Kazakhstan сыра қайнату компаниясы Қазақстанның сыра қайнату нарығындағы көшбасшылардың бірі. Компания Carlsberg Group және оның Орталық және Шығыс Еуропа мен Үндістан аймағының бөлігі болып табылады. Бүгінгі таңда компания портфеліне Carlsberg, 1664 Blanc, Somersby, Tuborg, Holsten, Zatecky Gus, «Дербеc», «Ирбис», Beerkhan, «Жигулевское Фирменное Живое», «Большая Кружка», «Алма-Ата» және т. б. сол сияқты брендтердің 30-дан астам сырасы кіреді. Өндірістік қуаты 2,3 млн гл. құрайтын компания зауыты Алматы қаласында орналасқан. Сarlsberg Kazakhstan жыл сайын Қазақстанның ең ірі 50 салық төлеушісінің қатарына кіре отырып, азық-түлік секторындағы ең ірі салық төлеушілердің бірі болып қалуда.  2023 жылы компания мемлекеттік бюджетке шамамен 36 млрд. теңге салық және басқа да міндетті төлемдерді төледі. Қосымша ақпаратты www.carlsbergkazakhstan.kz сайтынан, сондай-ақ www.facebook.com/carlsberg.kzwww.instagram.com/carlsberg.kazakhstan корпоративтік парақшаларынан алуға болады.

Сыра қайнатушы Якоб Якобсенмен 1847 жылы құрылған Carlsberg Group сыра және басқа сусындар брендтерінің тартымды портфолиосы бар әлемдегі жетекші сыра қайнату топтарының бірі болып табылады. Carlsberg Group-та шамамен 30 000 қызметкер жұмыс істейді. Компанияның өнімдері әлемнің 125-тен астам елінде сатылады. Carlsberg Group-тың бар болуының мәні-бүгінгі және ертеңгі күнді жақсы ету үшін сыра қайнату. Жауапты және тұрақты бизнес жүргізу осы мақсатқа қол жеткізуге ықпал етеді және акционерлер мен қоғам үшін құндылығын құрайды. Толығырақ ақпарат компанияның carlsberggroup.com сайтында орналастырылған.

Қосымша ақпаратты алу үшін хабарласыңыз:

Мария Горохова, Carlsberg Kazakhstan мемлекеттік билік органдарымен және корпоративтік қатынастармен жұмыс жөніндегі аға менеджері

Тел. +7 (727) 321-01-00 (ішкі. 289), Ұялы. +7 777 551 0 289, е-mail: Mariya.Gorokhova@carlsberg.kz

Другие новости

Back to top button