Ғылым және техника

Canon өнімділік пен икемділікті арттыру үшін ImagePRESS V1000 мүмкіндіктерін кеңейтеді

Үздіксіз инновацияларды паш ете отырып, Canon бүгін imagePRESS V1000 өнеркәсіптік тонерлік принтерінің өнімділігін, сенімділігін және әмбебаптығын арттыратын көптеген қосымша мүмкіндіктер енгізгенін жариялайды. EMEA (Еуропа, Таяу Шығыс және Африка) аймағында 700-ден астам сәтті шыққан қондырғылар негізінде жасалған V1000 енді жаңа аппараттық және микробағдарламалық жаңалықтармен, соның ішінде қағазды вакуумдық берумен, жаңартылған пайдаланушы интерфейсімен және ұзын парақтармен жұмыс істеуге арналған керек-жарақтармен үйлесімді жұмыс істеу қабілетімен жарақталған. Canon өндіретін басқа да парақтап басып шығаруға арналған өнеркәсіптік тонерлік принтерлер сияқты imagePRESS V1000 да қайта өңдеу кезінде сияны кетіру қабілеті үшін ең жоғары INGEDE[1] сертификатына ие болды, осылайша Canon компаниясының тұрақты даму қағидаларына деген адалдығын тағы бір көрсете кетті.

Клиенттердің пікірлерін ескере отырып, Canon компаниясы imagePRESS V1000 принтеріне арналған қағазды вакуумдық жолмен беретін жаңа қалта ұсынды, мұндай қалта бұрын тек V1350 құрылғысында ғана бар еді. Қағазды вакуумдық жолмен беру және бөлу технологиясы қағазбен, әсіресе күрделі тасығыш түрлерімен сенімдірек жұмыс істеуді қамтамасыз етеді, сонымен бірге өз санатындағы ең ықшам өндірістік құрылғы ретіндегі орнын сақтап қалады. Қолданыс мүмкіндіктерін кеңейту арқылы imagePRESS V1000 енді Plockmatic LCT XL (Large Capacity Tray) сыйымдылығы үлкен науамен үйлесімді, тығыздығы 400 г/м² дейінгі тасығыштармен жұмыс істей алады, екі вакуумдық науадан 700 мм/27,5 дюймге дейінгі ұзын парақтарды және екі науаның үстінде орналасқан ұзын парақтарға арналған LSM науасынан 1300 мм/51,1 дюймге дейінгі ұзын парақтарды тиімді өңдей алады. Осы қасиет альбом түріндегі буклеттер, үш бүктелетін брошюралар, «қақпа» тәрізді қайырмалары бар өнімдердің автоматтандырылған өндірісін айтарлықтай жақсартады.

Жақсартылған пайдаланушы тәжірибесі

imagePRESS V1000 енді PRISMAsync басып шығару серверіне арналған жаңа, үлкенірек басқару тақтасына ие болды, соның арқасынла жүйе ыңғайлырақ және тиімдірек бола түсті. Өлшемі 533 мм/21 дюймдік басқару тақтасы принтердің жұмыс барысы мен функцияларын көріп тұруға көбірек мүмкіндік беретін, операторлар бар ақпаратты, соның ішінде тасығыштарды қағаз науаларына салу барысын бір экраннан көре алатын интуитивті интерфейспен қамтамасыз етеді. Canon сонымен қатар imagePRESS V сериялы принтерлер үшін бұлттық электрондық қызмет көрсету мүмкіндігін қолдауды жалғастыра береді, сөйтіп операторлар мен пайдаланушылардың өз бетінше жұмыс істеуіне жол ашады және ағымдағы мәселелерді шешу үшін сервистік орталыққа бару қажеттілігін азайтады. Барлық клиенттерге пайдалы осы функция әсіресе шалғайда орналасқан кеңселерде жұмыс істейтіндер үшін ерекше құнды, өйткені өнімділікті, үздіксіз жұмыс уақытын, жалпы баға мен сапа ара-қатынасын тек жақсарта түседі.

Сапа мен тұрақты даму саласындағы көшбасшылық

imagePRESS V1000 бұрынғыша сапа мен экологиялық тазалықтың жоғары стандарттарына сай. FOGRA 51 сертификаты оның өнімділікке нұқсан келтірместен айрықша басып шығару сапасын қамтамасыз ету қабілетін растайды, бұл — әдетте тонерлік баспа машиналарында қол жеткізу қиын тепе-теңдік. V1000 қосымша түс секцияларын қажет етпестен FOGRA 51 стандартына сай түсті айнытпай жеткізуді қамтамасыз етеді.

Canon компаниясының қоршаған ортаға әсерін азайту жөніндегі мақсатына сәйкес imagePRESS V1000 сондай-ақ  сияны «жақсы» кетіру қабілеті үшін INGEDE сертификатына ие болды, бұл — баспа өнімдерін қайта өңдеуді қолдауға және жақсартуға ұмтылатын коммерциялық емес қауымдастық тағайындайтын ең жоғары санат. Аталмыш сертификат imagePRESS V1000 шығарған өнімді тұйық экономика қағидаларына сай тиімді қайта өңдеуге болатынын растайды.

Сыннан сүрінбей өткен сенімділік

imagePRESS V1000 сенімділігін UWV, Нидерландыдағы қызметкерлерді сақтандыру бағдарламаларын жүзеге асыруға және әлеуметтік қамсыздандыру қызметтерін көрсетуге жауапты ұйым сияқты клиенттер растайды. Клиенттерге жіберілетін барлық шығыс хабарламаларды өңдеуге арналған өзінің арнайы баспа орталығы бар UWV ұйымы конфигурациясы бірдей бес V1000 баспа машинасында айына орта есеппен 2,5 млн A4 бет басып шығарады, осылайша күніне 5-6 сағат ішінде 144 000 парақты өңдеуге мүмкіндік береді.

Ханс Шмидбауэр, Canon EMEA коммерциялық баспа саласындағы маркетинг және инновациялар директоры, былай дейді: «Біз Canon-да клиенттерімізге тапсырысты орындау мерзімі барған сайын қысқарып жатқандықтан, қысым артып бара жатқанын жақсы түсінеміз, сондықтан жұмыс тиімділігі мен өнімділігін арттыратын технологиялық мүмкіндіктер ұсынуға тырысамыз. imagePRESS V1000 принтеріне енгізілген көптеген тың мүмкіндіктер арқылы біз тонерлік өндірістік баспа нарығына қызмет етуге ниетті екенімізді растаймыз және клиенттерімізге саладағы тонерлік және сия бүріккіш басып шығару технологияларының кең ауқымын ұсынуды жалғастыра береміз.

 Басқалар, бәлкім, басымдықтарын қайта қарап жатқанда Canon клиенттеріміздің қажет болғанда жоғары сапалы, сенімді басып шығаруға деген өсіп келе жатқан сұранысын қанағаттандыру үшін тонерлік технологияларға инвестиция жұмсауды жалғастырып жатыр. Біз жариялап отырған imagePRESS V1000 жаңалықтары клиенттерді бірінші орынға қоятын инновацияларға деген көзқарасымызды тағы бір рет көрсетіп, клиенттерімізге өндіріс процесінің барлық кезеңдерінде тиімділікті арттыруға, қолданыс аясын кеңейтуге, басып шығару көлемін офсеттіктен цифрлық деңгейге көшіруге көмектесу арқылы Canon компаниясының цифрлық өндірістік басып шығару технологиялары саласындағы көшбасшылығын сақтайтынына кепіл болады».

Қағазды вакуумдық жолмен беретін жетілдірілген imagePRESS V1000 әлдеқашан Canon тікелей сату кеңселері мен аккредиттелген серіктестер арқылы қолжетімді. Аталмыш құрылғы тиімділікті арттыру үшін жаңартылған PRISMAsync немесе Fiery контроллерлерімен бірге сатылады.

imagePRESS V1000 туралы қосымша ақпаратты мына жерден табуға болады:

Canon imagePRESS V1000 — Canon Kazakhstan

[1] https://pub.ingede.com/en/this-is-ingede/

Другие новости

Back to top button