Canon компаниясының RF/EF объективтерін өндіру көлемі 170 миллион бірліктен асып, компанияның ауыстырмалы объективтерді өндіруде жаңа әлемдік рекорд орнатқанын растады

Canon Inc. Компаниясы бүгін 2025 жылдың қазан айында өзінің EOS сериясы үшін барлығы 170 миллион ауыстырмалы RF және EF объективтерін шығарып, камераларға арналған ауыстырмалы объектив саны бойынша әлемдік рекордты¹ жаңартып, тарихи межеге жеткенін хабарлады.
EF объективі 1987 жылы Canon EOS атты бір объективі, автофокусы, айнасы бар таспалы камерасы үшін арнайы объективтер жүйесі ретінде ұсынылып, EOS жүйесінің өзімен бірге алғаш рет көпшілік алдына шығарылды. Шыққалы бері EF объективтері ультрадыбыстық қозғалтқыш (USM), кескінді тұрақтандыру жүйесі (IS) және көпқабатты дифракциялық оптикалық элемент (DO) сынды бірқатар әлемдегі озық2 технологияларды енгізудің арқасында салада көш бастап, талай рет жетілдірілді.
2018 жылы Canon компаниясы EOS R айнасыз камерасына арналған RF объективтері сериясын шығарды. Ол үлкен диафрагмасымен, қысқа артқы фокусымен және бұрынғыдан да жоғары кескін сапасын қамтамасыз ететін жоғары жылдамдықты байланыс жүйесімен ерекше. RF және EF сериялы объективтер қатары енді 10 мм құрайтын ультра кең қашықтықтан бастап 1200 мм құрайтын супертелеобъективке дейінгі кең фокустық қашықтықты қамтитын 108 модельді3 қамтиды. Сондай-ақ бұл серияға дірілді азайту5 функциясы бар әлемдегі алғашқы объектив, бейнетүсірілім жүргізуге жарамды кірістірілген электр жетекті зум, тіпті электр жетекті зум адаптерлерімен үйлесімді объективтер кіреді, олар шығармашылық қиял шекарасын кеңейтеді әрі фото және бейнетүсірілім саласында пайдаланушылардың алуан түрлі қажеттіліктерін қанағаттандыра алады.
EF объективтерінің өндірісі 1987 жылы Canon компаниясының Уцуномиядағы зауытында басталды. Содан бері EF және RF объективтері жаңадан бастаушылардан кәсіпқойларға дейін пайдаланушылардың кең ауқымының қолдауына ие болып, өндіріс көлемінің тұрақты өсуіне әкелді. Бүгінгі күні Canon объективтерді бес жерде шығарады: Уцуномия зауыты; Canon Inc., Тайвань; Canon Opto (Malaysia) Sdn. Bhd.; Oita Canon Inc.; және Miyazaki Canon Inc. Негізгі жетістіктерге 1995 жылға қарай шығарылған 10 миллион бірлікке және 2009 жылға қарай 50 миллион бірлікке жету кіреді. Кейін 2014 жылы Canon әлемдегі 100 миллионшы ауыстырмалы камера объективін шығарған тұңғыш компания атанды. 2025 жылдың қазан айында компания 170 миллион бірлікке жетіп, бүгінгі әлемдік рекордты орнатты. Шығарылған 170 миллионыншы объектив RF 70-200mm F2.8 L IS USM Z болды.
Canon 2003 жылдан бері 22 жыл қатарынан ауыстырылмалы объективтері бар цифрлық камералардың әлемдік нарығында 1-ші орынды ұстап тұр. Бұдан әрі қарай да Canon өзінің меншікті бейне өңдеу технологияларын жетілдіруді, сондай-ақ объективтер желісін нығайтып, кеңейтуді жалғастырады, осылайша бейне өңдеудің жаңа мүмкіндіктерін ашады және фотография мен бейнетүсірілім мәдениетінің одан әрі дамуына үлес қосады.
1 EF, EF-S, EF-M, EF Cinema, RF, RF-S и RF Cinema объективтерін және телеконвертерлерді қамтиды. 2025 жылдың 21 қазанындағы жағдай бойынша (Canon зерттеулеріне сәйкес).
2 Айналы камералар арасында (Canon зерттеулеріне сәйкес).
3 2025 жылдың 22 қазанындағы жағдай бойынша сатылған тауар саны (телеконвертерлерді қосқанда). Сатылымдағы объектив үлгілерінің саны нарық көрсеткіштеріне қарай өзгереді.
4 Дірілді азайту (VR) функция бар объективтерді қоса алғанда фокус аралығы 5,2 мм-ден 1200 мм-ге дейін құрайды.
5 Бір камерамен виртуалды шындық (VR) режимінде бейне түсіруге мүмкіндік беретін цифрлық камераға арналған ауыстырмалы объектив. 2021 жылдың 5 қазанындағы жағдай бойынша шығарылған ауыстырмалы объективтері бар цифрлық камералар арасында (Canon зерттеулеріне сәйкес).
6 Бірліктер түріндегі үлесті білдіреді (Canon зерттеулеріне сәйкес).



