Бизнес

Canon жаңа толық кадрлы EOS R6 V камерасын және электрлі зум жетегі бар RF 20-50MM F4L IS USM PZ объективін ұсынды

Canon компаниясы контент жасаушылар үшін екі жаңа шешім ұсынады — EOS R6 V толық кадрлы айнасыз камера және кіріктірілген электрлі зум жетегі бар RF 20-50mm f4l IS USM PZ объективі.

Жаңалықтар қосарлы мазмұн (фотосуреттер мен бейнелер) авторларына бағытталған. Камера мен линза жоғары сапалы кескінді, кеңейтілген бейне мүмкіндіктерін және интуитивті басқаруды біріктіреді. Мұның бәрі заманауи контент жасаушылардың қажеттіліктерін ескере отырып әзірленген ықшам шешімде ұсынылған.

EOS R6 V: Бір камера, көптеген оқиға

EOS R6 V — EOS V сериясының жетекші моделі. Ол бейне түсіруге арнайы бейімделген. Камера дәстүрлі кино жабдықтарын орнатудың қиындығынсыз кәсіби деңгейдегі өнімділікті қамтамасыз етеді. Бұл — кіріктірілген тұрақтандырғышы бар Canon маркасының ең жеңіл әрі ықшам толық кадрлы камерасы. Салмағы 688 г, қолға жайлы тұтқасы, 12 бапталатын түймесі және фирмалық EOS интерфейсі бар. Осының бәрі камераны жеке түсіліммен жұмыс жасайтын авторларға өте қолайлы етеді.

EOS R6 V бейнені бірнеше форматта жазады: секундына 60 кадрға дейін 7K RAW, секундына 60 кадрға дейін жоғары сапалы 4K, секундына 180 кадрға дейін 2K, сондай-ақ баяу қозғалыс эффектісіне арналған 4K 120p. Камерадағы 5 осьті тұрақтандыру жүйесі діріл мен тербелісті 7,5 есеге¹ дейін азайтады — бұл қолдан түсіргенде де бейненің тегіс, ал фотосуреттің анық шығуын қамтамасыз етеді.

Open Gate функциясы өңдеу мүмкіндіктерін кеңейтеді — бір түсірілімнен көлденең және тік кадрлардың шегін өзгертуге болады. Бұл контентті әртүрлі платформалар мен әлеуметтік желілерге дайындауды айтарлықтай жеңілдетеді.

Dual Pixel CMOS AF II автофокус жүйесі адамдарды, жануарларды және көлік құралдарын, сондай-ақ көздерді зерек таниды және бақылайды. Нәтижесінде жылдам қозғалыс кезінде де фокус өткір сақталады. «Адамдарды тану басымдығы» функциясы камераға бір мезгілде он адамға фокус ұстауға мүмкіндік береді — динамикалық сахналарда да автофокус дәл әрі тұрақты жұмыс істейді.

EOS R6 V басқару ыңғайлылығымен ерекшеленеді: үйлесімді объективтер үшін зум реттегіші қарастырылған. RF 20-50MM F4L IS USM PZ объективімен бірлесіп қолданғанда оптикалық зумды жылдам басқаруға және кадрды тез өзгертуге болады. Бұрылмалы дисплей, алдыңғы жазу түймесі және тік штатив бекіткіші камераны әлеуметтік желілерге контент түсіруге өте қолайлы етеді.

Камера ұзақ контент жасауға да бейімделген — подкасттар, шолулар және сұхбаттар үшін белсенді салқындату жүйесі мен екі жад картасына бір мезгілде жазу мүмкіндігі бар. Төрт арналы дыбыс жазу әр кіріске дербес бақылау жасауға мүмкіндік береді, бұл жоғары сапалы дыбысты бейнемен бірге жазуды қамтамасыз етеді.

Бейне түсіруден басқа, EOS R6 V  фотосуретте де кең мүмкіндіктер ұсынады. Камера 32,5 мегапиксельді сенсормен жабдықталған және электрондық ысырма арқылы секундына 40 кадрға² дейін үнсіз сериялы түсірімді қолдайды. Алдын ала сериялы түсіру режимі ысырма түймесі толық басылмай тұрып кадрларды тіркеуге мүмкіндік береді. Фото және бейне режимдерінің жеке ауыстырғышы түсіру сценарийлері арасында жылдам ауысуды қамтамасыз етеді.

EOS R6 V сонымен қатар USB-C арқылы 4K 60p форматында веб-камера ретінде Plug-and-Play қағидасымен жұмыс істейді. Камера зарядтауды да, файл тасымалдауды да қолайлы жүзеге асырады. Сыртқы мониторинг үшін толық өлшемді HDMI ұяшығы, сондай-ақ үйлесімді аксессуарларды тікелей қуаттандыра отырып қосуға арналған көп функциялы ұяшық қарастырылған.

Canon компаниясының озық технологиялары, жоғары сапалы бейнелеуі және қолдануға ыңғайлы басқару жүйесінің арқасында EOS R6 V камерасы әрбір сәтті дәл әрі әсерлі түрде түсіре алады.

EOS R6 V камерасының негізгі ерекшеліктері:

  • Толық кадрлы камераның кинематографиялық қуаты: секундына 60 кадрға дейінгі жылдамдықта қанық 7K RAW-видео, 60 кадр/сек дейінгі артық дискретизацияланған 4K-видео және баяулатылған түсірілімге арналған 4K 120 кадр/сек форматындағы бейне түсіріңіз.
  • Қолмен түсірудегі жоғары тұрақтылық: 7,5 сатыға дейінгі¹ 5 осьті бейне тұрақтандыру жүйесі бейнені бірқалыпты, ал фотосуреттерді анық түсіруге мүмкіндік береді.
  • Ыңғайлы әрі интеллектуалды автофокус: кеңейтілген нысанды бақылау және көзді тану функциясы бар Dual Pixel CMOS AF II жүйесі дәл әрі сенімді фокус ұсынады.
  • Жеке контент жасаушыларға бейімделген: ықшам корпус (688 г), түсінікті басқару жүйесі, тік форматтағы интерфейс және алдыңғы панельдегі жазу батырмасы өздігінен түсіруге қолайлы жағдай жасайды.
  • Өңдеудегі икемді мүмкіндіктер: Open Gate форматында жазу бір ғана клиптен әртүрлі арақатынастағы кадрларды (көлденең, тік) оңай бейімдеуге мүмкіндік береді.
  • Ұзақ трансляциялар мен тікелей эфирлерге дайын: белсенді салқындату жүйесі, 4 арналы дыбыс және USB-C арқылы UVC 4K 60p ағыны жоғары сапалы веб-камера және тікелей эфир түсірілімдерін қамтамасыз етеді.
  • Қосарлы өнімділік: 32,5 МП ажыратымдылықтағы жоғары сапалы фотосуреттерді секундына 40 кадрға дейін² (электронды ысырма) түсіру және фото/бейне режимдерін ауыстыруға арналған арнайы қосқыш қарастырылған.

Камераға сілтеме: https://www.canon-kz.com/cameras/eos-r6v/

RF 20-50MM F4L IS USM PZ: Кіріктірілген электрлі зум жетегі. Әлемдегі алғашқы толық кадрлы RF электрлі зум объективі.

Сонымен қатар, Canon компаниясы RF 20-50MM F4L IS USM PZ объективін таныстырды — бұл RF L сериясындағы кіріктірілген электрлі зум жетегі бар алғашқы толық кадрлы объектив.

Жаңа модель бейнетүсірілім мен қосарлы контент жасауға арналған әмбебап шешім ретінде әзірленген. Зум сақинасы бейне түсіру кезінде бірқалыпты сервожетекті басқаруды, сондай-ақ кадрды дәл баптауға арналған электронды қолмен басқаруды қолдайды. 20–50 мм фокустық қашықтық диапазоны мен тұрақты f/4 диафрагмасы бұл объективті влог түсіруге, интерьерлер мен пейзаждарды жазуға ыңғайлы құрал етеді.

RF 20-50MM F4L IS USM PZ объективі UD линза элементтері мен Air Sphere Coating (ASC) жабыны қолданылған L сериялы оптикамен жабдықталған. Сонымен қатар, құрылымы фокус «дем алу» әсерін барынша азайтады, бұл әсіресе бейнетүсірілім кезінде маңызды. Объективтің салмағы — 420 г.

Оптикалық тұрақтандыру жүйесі 6 сатыға дейінгі³ (8 сатыға дейін⁴) өтемді қамтамасыз етіп, қолмен түсіргенде дірілсіз бейне мен фото алуға мүмкіндік береді. Nano USM жетегі 0,24 м қашықтықта да жылдам, дыбыссыз әрі дәл автофокус жұмысын қамтамасыз етеді.

Кәсіби мүмкіндіктер корпусқа орнатылған ыңғайлы басқару элементтерімен толықтырылған. Олардың қатарында баптауға болатын объектив функциясының батырмасы, қолмен фокустау сақинасы және қажетті параметрлерге жылдам қол жеткізуге арналған арнайы басқару сақинасы бар.

RF 20-50MM F4L IS USM PZ объективінің негізгі сипаттамалары:

  • Кіріктірілген электрлі зум жетегі: RF L сериясының толық кадрлы объективтері арасында алғаш рет электрлі зум жетегі қолданылды — бейне түсіру кезінде зумды жылдай және дәл реттеуге мүмкіндік береді.
  • Әмбебап фокус аралығы: 20-50 мм ауқымы кең бұрыштан орта телефотоға дейін қамтиды. Тұрақты f/4 максималды диафрагмасы алуан түрлі контент түсіруге өте ыңғайлы.
  • L сериясының жоғары сапалы оптикасы: UD элементтері, ASC жабыны және фокустау кезінде фокус аралығының өзгермеуін қамтамасыз ететін жүйе — кескін сапасы үнемі жоғары деңгейде сақталады.
  • Ықшам және жеңіл: салмағы небәрі 420 г — ұзақ түсірілімдерде де қолды шаршатпайды.
  • Тиімді кескін тұрақтандыру: оптикалық тұрақтандыру 6 ступеньге³ дейін жетеді, ал MAIA IBIS жүйесімен бірлесіп қолданғанда — 8 ступеньге⁴ дейін. Бұл анық та тұрақты суреттерді қамтамасыз етеді.
  • Жылдам және үнсіз автофокус: Nano USM қозғалтқышы фокусты жылдам, дыбыссыз және дәл реттейді — бейне түсіру кезінде артық шу болмайды.

Объективке сілтеме: https://www.canon-kz.com/lenses/rf-20-50mm-f4l-is-usm-pz/

Контент жасаушыларға арнайы жасалған

EOS R6 V камерасы заманауи контент авторын ескере отырып жасалған. Жоғары өнімділік пен жеңіл, ыңғайлы конструкцияның үйлесімі қолдан кинематографиялық сахналарды түсіруді оңай әрі табиғи етеді. RF 20-50MM F4L IS USM PZ объективі өз кезегінде ерекше кескін сапасы мен шығармашылық мүмкіндіктерімен толықтырады — пайдаланушыларға кинематографиялық бейнелер жасау қиынға соқпайды.

Canon EOS R6 V камерасы мен RF 20-50MM F4L IS USM PZ объективі бірлесе отырып, Canon компаниясының басты мақсатын айқын көрсетеді: контент жасаушыларға сенімділікпен және бұрын-соңды болмаған жеңілдікпен жоғары сапалы, әсерлі контент құруға мүмкіндік беру.

Другие новости

Back to top button