Госорганы

Былтыр Қазақстанға 1 миллионға жуық шетелдік турист келді – министр

 Үкімет отырысында баяндама жасаған Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов пандемияның салдарына қарамастан, отандық туризмнің көрсеткіштері жақсарғанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

«Дүниежүзілік туристік ұйым (UNWTO) туризмнің қайта қалпына келуі 2024 жылға дейін кешеуілдейді деп болжаған болатын. Дегенмен пандемияның ауыр зардаптарына қарамастан, өткен жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан туризмі қалпына келді деуге толық негіз бар. Бүгінде отандық туристер саны 25%-ға артып, 8,6 млн адамға жетті. Бұл пандемияға дейінгі деңгейден шамамен 2 млн-ға жоғары көрсеткіш», — деді Асхат Оралов.

Сонымен қатар, былтыр Қазақстанға 1 млн-ға жуық шетелдік турист келген. Министр сөзінше, биыл бұл көрсеткіш 1,4 млн-ға дейін өседі деп күтілуде.

Другие новости

Back to top button