Госорганы

БҰҰ Бас хатшысы: Азия мен әлем үшін жарқын болашақты қамтамасыз етейік

Төтенше жағдайдағы қақтығыстардың геосаяси шиеленісі күшейген сайын сенім мен ынтымақтастық әлсірейді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Азия Кеңесінің VI самитіне қатысушыларға жолдаған бейнеүндеуінде Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гуттериш осылай деді. Климаттық дағдарыс барлық жерде жойқын, деп жазады qazaqstan.tv.

Коронавирус ықпалы да әлсіреген жоқ. Дағдарыс әлем халқының осал топтарын тығырыққа тіреді. Осы күрделі кезеңде аймақтардың күш біріктіруі бұрынғыдан да маңызды, — деді Бас хатшы. Антониу Гуттериш бейнеүндеуде әлем үшін жаңа күн тәртібін құруға шақырды.

Соңғы 30 жыл ішінде Кеңес Азия елдері арасындағы диалог үшін маңызды алаңға айналды. Біз бейбіт және гүлденген Азиядан пайда көреміз. Мен ортақ мақсаттарымызға қол жеткізудегі серіктестігімізге ризамын. Бұл тұрақты дамуға жәрдемдесу, адам құқықтарын ілгерілету, бейбітшілік және тұрақтылық, көпжақты ынтымақтастықты нығайту. Заманымыздың сын-қатерлерін бірге еңсерейік. Азия мен әлем үшін жарқын болашақты қамтамасыз етейік.Антониу Гутерриш, БҰҰ Бас хатшысы

 

Другие новости

Back to top button