Business Turar: Coca-Cola Belesteri акселераторы 138 миллион теңге табыс өсімін және жаңа жұмыс орындарының ашылуын көрсетті

Belesteri («Өсу сатысы») оқыту бастамасы Қазақстандағы кәсіпкерлікті қолдаудың тиімді бағдарламаларының бірі ретіндегі мәртебесін нығайтуды жалғастырып келеді. Жоба шағын және орта бизнесті дамытуға бағытталған тұрақты экожүйені қалыптастыру мақсатында оқыту, акселерация және гранттық мүмкіндіктерді біріктіреді. Бағдарлама жүзеге асырылған жылдар ішінде 150 000-нан астам адам білім алып, 10 100-ден астам кәсіпорын құрылып, 13 300-ден астам жаңа жұмыс орны ашылды.
Қол жеткізілген нәтижелерді одан әрі дамыту мақсатында жұмыс істеп тұрған бизнесті кеңейтуге бағытталған Business Turar акселераторының екінші кезеңі аяқталды. Бағдарлама қорытындылары қаржылық көрсеткіштердің өсуін ғана емес, сонымен қатар кәсіпкерлік қызметті жүргізу тәсілдеріндегі сапалы өзгерістерді де айқын көрсетеді.
2026 жылғы қаңтардың ортасынан наурыз айының ортасына дейін өткен екінші кезеңге 351 өтінім қабылданып, оның ішінде 200 қатысушы іріктелді. Бағдарламаны 88 кәсіпкер сәтті аяқтады.
Акселератордың практикалық тиімділігін растайтын маңызды нәтижелерге қол жеткізілді: финалистердің 62% жалпы сомасы 138 млн теңге болатын табыс өсімін көрсетті; 30 қатысушы 37 млн теңге көлемінде инвестициялар мен сыртқы қаржыландыру тартты; түлектердің 37% 70-тен астам жаңа жұмыс орнын ашты; 33% өнім түрлерін кеңейтіп немесе жаңа бағыттарды іске қосты. Сонымен қатар, қатысушылардың 100% онлайн ілгерілету және бизнесті автоматтандыру құралдарын енгізді.
Бұл нәтижелердің негізінде жаңа бизнес-модельдерді енгізу, басқаруда жүйелі тәсілдерді қолдану және өзгерістерге жоғары дайындық деңгейі жатыр. Аталған факторлар жобалардың тұрақтылығын қамтамасыз етіп, олардың жыл бойы әрі қарай өсу әлеуетін арттырады.
2026 жылғы 26 наурызда Coca-Cola Belesteri жобасының қорытынды онлайн кездесуі аясында Қазақстандағы Бизнес-тренерлер қауымдастығымен бірлесіп, ең нәтижелі 12 қатысушы марапатталды. Жеңімпаздар сарапшылардан жеке кеңес алу мүмкіндігіне, сондай-ақ кәсіпкерлерді дамыту мен кеңейтуге бағытталған Talpyn Club қауымдастығына қатысу құқығына ие болды.
Түлектердің пікірінше, бағдарламаға қатысу бизнесті жүйелеуге және өсімнің нақты векторын анықтауға мүмкіндік береді.
Өз ісін дамытуды жоспарлап жүрген кәсіпкерлер үшін Coca-Cola Belesteri жобасы аясында ccb.kz платформасында Business Qymyz және Business Orken оқыту бағдарламалары қолжетімді. Бұл бағдарламалар базалық білім алуға, сертификат иеленуге және болашақта акселерация бағдарламаларына қатысуға мүмкіндік береді.
Аталған бастама Қазақстандағы бизнестің тұрақты өсуі мен дамуына бағдарланған кәсіпкерлерді қолдауды жалғастыра бермек.



