Business Turar әйелдерге арналған бизнес-акселератор қорытындысы:107 жаңа жұмыс орны және 120 млн теңгеден астам тартылған инвестиция

Әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасы аясында Coca-Cola Belesteri Қазақстанның бизнес-жаттықтырушылар қауымдастығымен бірлесіп ұйымдастырған Business Turar акселерациялық бағдарламасының алғашқы ағыны аяқталды. Бағдарламаға қатысуға берілген 369 өтінім ішінен 275 әйел шақырылды және олардың 55%-дан астамы айтарлықтай өсімге қол жеткізді: бизнесті кеңейтіп, жаңа бағыттарды іске қосты, жұмыс орындарын құрып, қаржы тартты:
— 61 бизнес иесі 107 жұмыс орнын құрды
— оқу кезеңінде 98 қатысушы бизнес табысының өсімін атап өтті
— оқудан кейін 45 қатысушы өндірілетін өнім көлемін ұлғайта алды
— 45 бизнес иесі 127 173 428 теңгеге инвестиция тартты.
Бағдарлама финалистері атанған кәсіпкерлер ерекше назар аударуға лайық. Төрт қатысушы бизнес-жаттықтырушылар қауымдастығының сарапшыларынан жеке коуч-сессияларын алды, бұл оларға одан әрі даму стратегиясын құруға көмектеседі. Тағы 11 әйел сараптамалық сессияларға қатысып, нейрокоуч және психологпен жұмыс істеуге, пікірлес адамдардың ортасында шеберлік сыныптары мен білім беру бағдарламаларына қатысуға мүмкіндік беретін бірегей қауымдастық — Talpyn Club-тың резиденттігін иеленді.
Бұдан былай дамуға ұмтылған әрбір әйел Business Qymyz және Business Órken білім беру бағдарламаларына қосыла алады. Олар кәсіпкерліктің негізгі аспектілерін игеріп, бизнес-жоспар құруды, маркетингті түсініп, өз өнімін тиімді жылжытуды үйренеді. Аталған бағдарламалар бүгінде жобалары сәтті дамып келе жатқан көптеген түлектер үшін нағыз бастама болып отыр.
Оқыту форматы — онлайн, қатысу тегін. Болашақ акселератор ағындарына қосылу мүмкіндігін алу үшін тілек білдірушілер Coca‑Cola Belesteri жобасында оқудан өтуі керек.
Білім беру бағдарламаларына тіркелу қазірдің өзінде ашық. Толық ақпарат алу және өтінім беру ccb.kz сайтында қол жетімді. Бизнестегі өз жолыңызды бүгін бастаңыз!