Абайская область

Бұрынғы жігіті көлікпен қағып өлтірген: Семейде 33 жастағы әйел қаза тапты

Семейде ер адам бұрынғы сүйіктісі 33 жастағы Диана Сүлейменова көлікпен таптап кеткен, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Абай облысы полиция департаменті баспасөз қызметі күдіктінің ұсталғанын мәлімдеді.

Алған жарақатынан әйел ауруханада көз жұмды. Ол 15 сағат комада жатқан. Алған сараптамалар оның бұрын да зорлық-зомбылыққа ұшырағанын көрсеткен.

«Аталған факті бойынша Әуезов полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Күдікті анықталып, ұсталды. Оның кінәсі қылмыстық іс материалдарымен, сот-медициналық сараптамалармен дәлелденді. Қазіргі уақытта күдікті сотқа берілген»,- делінген хабарламада.

Ведомство хабарлағандай, қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге деректері жария етілмейді.

Другие новости

Back to top button