Культура

«Бұрын қазақтарда жыныстық тәрбие болған»: Хиджабтағы сексолог балаға жыныстық қатынас туралы айтудың маңыздылығын түсіндірді

Хиджабтағы сексолог Алина Шадинова жыныстық қатынас, жыныстық тәрбие ұят тақырып емес екенін және бұл қоғамда, отбасыда ашық айтылатын нәрсе екенін айтты. Ол балаға жыныстық тәрбие берудің маңыздылығын Динара Сәтжанға берген сұхбатында айтты.

 

Дін жолында жүрген әйелдің мұндай тақырыпты желіде ашық айтқаны көптің шамына тиген. Алайда ол қоғамда жыныстық қатынас тақырыбы табу болғандықтан, балаларды азғындау, зорлық-зомбылық, ер мен әйел арасындағы келіспеушілік, көзіне шөп салу сынды мәселелер таралып жатқанын түсіндірді.

“Негізі бұл тақырып Ислам дінінде ұят немесе жаман нәрсе емес, керісінше осы үшін ер мен әйел сауапқа кенеледі. Ежелде қазақтарда да жыныстық тәрбие болған. Мысалы, он үште отау иесі дейді. Ал сексология бойынша 13 жастағы адамның ағзасы бұл процесске толық дайын. Сондай-ақ жеңгелер болды. Олар енді тұрмыс құрған келіншекке бәрін айтып отыратын”, – деді ол.

Оның айтуынша, жыныстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болған балалар мұны ата-анасына айта алмауынан мәселе ушығып жатыр.

“Бала ата-анадан келіп, “бала қайдан пайда болады?” десе, күліп, қысылып, қарбыздан, аузымнан түстің деген сияқты жауаптар айтады. Осыдан кейін бала да оны біреу азғындағанын ата-анаға ашылып айта алмайды ғой. Ол өзін жаман нәрсе жасап қойғандай сезініп, іштен тынады. Соның кесірінен өскен кезде де өз жұбайымен көптеген мәселелерге тап болады”, – деді сексолог-маман.

Другие новости

Back to top button