Госорганы

«Бұл – заңды»: Ішкі істер министрінің орынбасары полиция тоқтатқанда арнайы құжат көрсететін жүргізушілер туралы айтты (видео)

Мәжіліс кулуарынжа ішкі істер министрінің орынбасары Марат Қожаев жол полициясы тоқтатқанда арнайы құжат көрсететін жүргізушілерге қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

 

Марат Қожаевтың айтуынша, полиция тоқтатқанда құжат көрсетіп, кетіп қалатын жүргізушілердің әрекеті заңды екен.

«Сіздерге үлкен құпияны жария ете алмаймын. Бірақ арнайы қызметтің арнайы көліктері бар. Олар қызметтік міндетін орындау кезінде осындай құжаттарды пайдалана алады. Бұл – заңды», – деді ол.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда полицейлермен бірге рейдке шыққан блогерлер жол ережесін өрескел бұзған жүргізушінің арнайы құжатты көрсетіп, кетіп қалғанына куә болған еді. Видеоны журналист Михаил Козачков Telegram-арнасында жариялады. Жол полициясы көлікті тоқтатқанда алдыңғы орындықта баланың отырғанын көрген. Алайда екі бірдей ережені бұзса да полицейлер жүргізушіні жібере салған.

Другие новости

Back to top button