ГлавноеГосорганы

«Бұл – тарихи жеңіс»: Мемлекет басшысы Ризабек Айтмұқанды жеңісімен құттықтады

Президент спортшының жеңісі жастардың спортқа деген құлшынысын арттыратынын атап өтті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әлем чемпионы Ризабек Айтмұқанды жеңіске жетуімен құттықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Еркін күрес шебері Ризабек Айтмұқанды Белградта өткен күрес түрлерінен әлем чемпионатында алтын медаль иеленуімен құттықтаймын! Ол қазақ балуандары арасында тұңғыш рет Әлем чемпионы атанды. Бұл – тарихи жетістік. Ризабек Айтмұқанның жарқын жеңісі жас буынның спортқа құлшынысын арттырады деп сенемін», – деді Президент.

Другие новости

Back to top button